-
Егер құрал зақымдалса, оны міндетті түрде түпнұсқа түрімен алмастырыңыз, әйтпесе
кепілдік жарамсыз болады.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Балалардың бұл құралды қадағалаусыз пайдалануына жол бермеңіз.
-
Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
-
Ыстық азық-түліктермен жұмыс істегенде, шашырауынан сақ болыңыз.
-
Блендер істеп тұрғанда, азық салатын түтікке азықты саусақпен немесе басқа затпен
(мысалы, күрекшемен) тығындамаңыз. Бұл үшін тығындағышты қолданыңыз.
-
Ешқандай қосалқы құралдардың қысқа толқынды пеште қолдануға болмайды.
-
Пышақтарын және екі жақты кесу/тілімдеп турау дискісін
пайдаланғанда немесе тазалағанда абай болыңыз. Оның жүздері өте өткір болады. Оларды
тазалағанда және ұсақтағыш тостағаны мен тамақ шайқау/турау ыдысын босатқанда өте
абай болыңыз.
-
Егер пышақ тұрып қалса, пышақтарға тұрып қалған азықтарды шығармас бұрын алдымен
құралды розеткадан ажыратыңыз.
Ескерту
-
Құралды жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау алдында, оны өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз.
-
Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің
кепілдігі өз күшін жояды.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрал дұрыс пайдаланылмаған немесе кәсіби не
жартылай кәсіби мақсатта қолданылған болса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты
болмайды.
-
Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және шаңнан аулақ ұстаңыз.
-
Температурасы 80 °C/175 °F жоғары азықтарды стаканға, ұсақтағыш тостағанына немесе
тамақ шайқау/турау ыдысына салмаңыз.
-
Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау уақытынан асырмаңыз.
-
Ұсақтағыш тостағаны мен тамақ шайқау/турау ыдысына салынатын азықты ең жоғары
деңгей белгісінен асырмаңыз.
-
Тиісті қосалқы құралдардың «мөлшер мен дайындау уақыты» кестелерінде тізімделген
азықтарды ғана дайындаңыз. Тоңазытылған азықтарды немесе қабығы қатты немесе сүйегі
бар жемістерді салмаңыз.
-
Ұстағышы ыси бастағанын байқасаңыз (температурасы 50°C/122°F көтеріле бастаса),
құралды токтан ажыратып, кемінде 60 минут суытып алыңыз.
-
Шу деңгейі: Lc= 79 дБ (A).
Қауіпсіздік жүйесі
Ас үй құралдарының қосалқы құралында кірістірілген қорғау жүйесі бар. Бұл қорғау жүйесі құрал
дұрыс жиналған жағдайда ғана оны қосуға мүмкіндік береді. Дұрыс жинау үшін «Құралды
пайдалану» тарауындағы «Илеу құралы», «Екі жақты кесу/тілімдеп турау дискісі» және
«Текшелеп турағыш» бөлімдерін оқыңыз.
Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
ҚазаҚша
66
Содержание HR1659
Страница 1: ...Register your product and get support at www philips com welcome HR1659 ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ...28 ...
Страница 165: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Страница 166: ...22 23 24 25 26 27 29 30 ...
Страница 167: ......
Страница 168: ...4203 064 5868 1 ...