алғаш қолданар алдында
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерін жақсылап тазалаңыз
(«Тазалау» тарауын қараңыз).
Пайдалануға дайындау
1
Ыстық ингредиенттерді құралмен турар алдында суытып алыңыз (ең жоғарғы
температура 80°C/175°F).
2
Қол блендерін немесе ұсақтағышты пайдалансаңыз, үлкен азықтарды өңдемес бұрын
шамамен 2 см-дей етіп турап алыңыз. Ас үй комбайнын екі жақты кесу/тілімдеп турау
дискісімен немесе текшелеп турағышпен пайдалансаңыз, азықтарды азық салатын түтікке
сыятын етіп кесіңіз. Түтікке тұрып қалмас үшін кесектерді ұсақтау етіп кесіңіз.
3
Құралды дұрыс жинаңыз.
Құралды пайдалану
Қол блендері
Қол блендерінің функциялары:
-
сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, көжелер, сусындар, коктейльдер сияқты
сұйықтықтарды шайқау;
-
құймаққа арналған сұйық қамыр немесе майонез сияқты жұмсақ азықтарды араластыру;
-
балалар тағамы үшін пісірілген азықтардан езбе дайындау.
1
Азықтарды тостағанға салыңыз.
Ұсынылатын көлемдер мен өңдеу уақытын кестеден қараңыз.
шайқау көлемдері мен өңдеу уақыттары
Азық түрлері
Шайқау көлемдері Уақыт
Жылдамдық
Жеміс-жидектер мен
көкөністер
100-200 г
30 с
Турбо
Бала тамағы, көжелер мен
соустар
100-400 мл
60 с
15-20
Сұйық қамыр
100-500 мл
60 с
15-20
Коктейльдер мен сусындар
100-1000 мл
60 с
15-20
2
Қол блендерін мотор бөлігіне тағыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 2).
3
Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.
4
Пышақ саптамасын азыққа толық батырыңыз.
5
Құралды қосу үшін қосу/өшіру түймесін немесе турбо түймесін басыңыз (Cурет 3).
-
Қосу/өшіру түймесімен басқанда, жылдамдықты жылдамдық сақинасымен реттеуге болады.
Жылдамдық неғұрлым жоғары болса, дайындау уақыты соғұрлым қысқарады.
-
Жылдамдық сақинасының 1-ден (төмен жылдамдық) 20-ға дейінгі (жоғары жылдамдық)
аралықта жылдамдық параметрлері бар.
-
Турбо түймесі басылғанда, құрал ең жоғарғы жылдамдықпен істейді. Бұндай жағдайда,
жылдамдықты жылдамдық сақинасымен реттеуге болады.
6
Азықтарды араластыру үшін, құралды жоғары, төмен және айналдырып баяу
жүргізіңіз (Cурет 4).
ҚазаҚша
67
Содержание HR1659
Страница 1: ...Register your product and get support at www philips com welcome HR1659 ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ...28 ...
Страница 165: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Страница 166: ...22 23 24 25 26 27 29 30 ...
Страница 167: ......
Страница 168: ...4203 064 5868 1 ...