Ескертпе Қажет болса, ішіне азық-түлік салмастан, құралды алдын ала қыздыруға болады.
Бұндай жағдайда, таймер дөңгелегін 3 минуттан артық уақытқа келтіріп, қыздыру шамы
сөнгенше (шамамен 3 минут) күтіңіз. Одан кейін себетті толтырып, таймер дөңгелегін
керекті дайындау уақытына келтіріңіз.
,
Қызып жатыр дегенді білдіретін жарық жанады (Cурет 10).
,
Таймер орнатылған дайындау уақытын кері санай бастайды.
,
Ыстық ауамен қуыру барысында, қыздыру шамы біресе жанып, біресе өшіп тұрады. Бұл
қыздыру элементінің орнатылған температураны сақтау үшін біресе қосылып, біресе
өшіп отырғанын білдіреді.
,
Азық-түліктерден шығатын артық май табада жиналады.
8
Дайындау уақытының жартысы өткенде, кейбір азық-түлік түрлерін сілкілеу керек болады
(осы тараудағы «Параметрлер» бөлімін қараңыз). Азық-түліктерді сілкілеу үшін, табаны
тұтқасынан ұстап, құралдан шығарыңыз және сілкілеңіз. Одан кейін табаны қайтадан
аэрогильге салыңыз (Cурет 11).
Ескерту Сілкіген кезде себетті босату түймесін баспаңыз (Cурет 12).
Кеңес Салмақты азайту үшін, себетті табадан алып тастауға және тек себетті сілкілеуге
болады. Ол үшін табаны құралдан шығарып, ыстыққа төзімді бетке қойыңыз да, себетті шешу
түймесін басыңыз.
Кеңес Таймер дайындау уақытының жартысына орнатылса, азық-түліктер сілкіленетін кезде
таймер қоңырауы естіледі. Алайда, сілкілеуден кейін қалған дайындау уақыты үшін таймерді
қайта орнату керек болады.
9
Таймер қоңырауы орнатылған дайындау уақытының аяқталғанын білдіреді. Табаны
құралдан шығарып, ыстыққа төзімді бетке қойыңыз.
Ескертпе Құрылғыны қолмен де өшіруге болады. Ол үшін таймерді басқару тұтқасын 0 күйіне
бұраңыз (Cурет 13).
10
Азық-түліктердің дайын екенін тексеріңіз.
Әлі дайын болмаса, табаны құралға қайтадан салып, таймерді қосымша бірнеше минутқа орнатыңыз.
11
Ұсақ азық-түлік түрлерін (мысалы, қуырылған картоп тілімдерін) алып шығу үшін, себетті
шешу түймесін (1) басып, себетті табадан шығарыңыз (2). (Cурет 14)
Таба бекітілген болса, себетті төңкермеңіз. Табада жиналған артық май азық-түліктерге ағады.
Ыстық ауамен қуырғаннан кейін, таба және азық-түліктер ыстық болады. Аэрогрильдегі
азық-түліктердің түріне қарай табадан бу шығуы мүмкін.
12
Себеттің ішіндегісін тостағанға немесе табаққа салыңыз. (Cурет 15)
Кеңес Үлкен немесе тез езілетін азық-түліктерді шығару үшін, қысқашты
пайдаланыңыз (Cурет 16).
13
Азық-түліктердің бір бөлігі дайын болғанда, бірден екінші бөлігін пісіре беруге болады.
Параметрлер
Осы кесте дайындалатын азық-түліктердің негізгі параметрлерін таңдауға көмектеседі.
Ескертпе Бұл параметрлердің көрсеткіш ретінде берілгенін есте сақтаңыз. Азық-түліктердің
табиғаты, өлшемі, пішіні және маркасы әртүрлі болатындықтан, оларды пісірудің ең дұрыс
параметрін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Rapid Air технологиясы құрал ішіндегі ауаны лезде қайта ысытатындықтан, ыстық ауамен қуыру
кезінде табаны құралдан аз уақытқа шығарғаннан ешқандай кедергі келтірілмейді.
ҚазаҚша
65
Содержание HD9220
Страница 2: ......
Страница 3: ...120 80 4 0 160 1 ...
Страница 4: ......
Страница 159: ......
Страница 160: ......
Страница 161: ......
Страница 162: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ...
Страница 163: ......
Страница 164: ...4222 005 0069 7 ...