manualshive.com logo in svg
background image

Зберігання

Зберігайте хлібопічку в безпечному та сухому місці.

Қазақша

1  Маңызды ақпарат

Құралды пайдаланбастан бұрын осы пайдаланушы 

нұсқаулығын оқып шығып, болашақта қарау үшін 

пайдаланушы нұсқаулығын сақтап қойыңыз. 

Қауіпті жағдайлар

• 

Нан пешінің корпусын суға немесе басқа 

сұйықтыққа батырмаңыз я болмаса кран суының 

астында шаймаңыз.

• 

Нан пеші жұмыс істеп тұрғанда бу және ауа 

тесіктерін жаппаңыз.

Ескерту

•  Бақылау астында болса немесе құралды қауіпсіз 

түрде пайдалану туралы нұсқаулар алған болса 

және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құралды 

8 бен одан жоғары жастағы балалар және 

физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі, 

білімі мен тәжірибесі аз адамда пайдалана алады.

•  Балалар құралмен ойнамауы керек. 8 жасқа 

толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз 

тазалау және техникалық қызмет көрсету 

жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.

•  Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған 

балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Ток 

сымы үстел жиегінен немесе құрал жұмыс жасап 

жатқан беттің жиегінен салбырап тұрмауы тиіс.

•  Ток сымы зақымдалса, қауіпті жағдай туғызбас 

үшін, оны Philips компаниясына, Philips рұқсат 

еткен қызмет көрсету орталығына немесе сол 

сияқты білікті адамдарға ауыстыртқызуыңыз 

керек.

•  Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек 

қашықтан басқару құралымен басқарылмайды.

•  Пайдалану барысында құралдың ұстауға келетін 

жерлері ысып кетуі мүмкін.

 

•  Әдеттегі нан, өте тез нан және торт 

бағдарламалары үшін 560 г-нан артық ұн және 9 

г, 12 г, 14 г-нан артық ашытқы салмаңыз.

• 

Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне 

сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.

• 

Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Әрдайым ашаның розеткаға 

жақсылап кіргенін тексеріңіз.

• 

Аша, сым, құрылғының корпусы немесе нан табасы зақымдалған болса, құрылғыны 

пайдаланбаңыз.

• 

Ашаны розеткаға қосу алдында қыздыру элементі, нан табасының айналдыру білігі 

және нан табасының сырты таза әрі құрғақ екенін тексеріңіз.

• 

Құралды осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқа ешқандай мақсатта 

пайдаланбаңыз.

• 

Су қолмен құралды розеткаға жалғауға және басқару тақтасымен жұмыс істеуге 

болмайды.

• 

Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда бетіңізді немесе қолдарыңызды буға және ауа 

тесіктеріне жақындатпаңыз.

• 

Пісіру барысында қақпақты ашпаңыз, себебі қамыр немесе нан кішіреюі мүмкін.

• 

Пісіру барысында құрылғының өзі және қақпақ қатты қызады. Күйіп қалмаңыз.

• 

Пайдаланып жатқанда нан табасын құрылғыдан алмаңыз.

• 

Пісіру бағдарламасы кезінде нан табасында ингредиенттерді араластыру үшін 
ешқашан ешбір асхана құралдарын пайдаланбаңыз.

• 

Ингредиенттерді тек нан табасына салыңыз. Қыздыру элементін зақымдамау үшін 
құрылғының ішіне ешбір ингредиенттерді және/немесе қоспаларды салмаңыз 
немесе төгіп алмаңыз.

• 

Нан табасынан кептелуді кетіргенде, ыстық кептелуді төгу үшін нан табасын пеш 
қолғабын киген екі қолмен көтеріңіз.

Абайлаңыз

•  Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. 

Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе 

жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса, 

пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға 

сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады 

және Philips компаниясы болған зақымдарға 

байланысты кез келген жауапкершіліктен бас 

тартады.

• 

Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips 

компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы құралдар 

мен бөлшектерді пайдаланушы болмаңыз. 

Ондай қосалқы құралдар мен бөлшектерді 

пайдалансаңыз, құралдың кепілдігі өз күшін 

жояды.

• 

Зақымдамау үшін нан табасына үшкір заттармен 

тимеңіз.

• 

Құрылғыны жоғары температурада ұстамаңыз 

немесе оны жұмыс істеп тұрған я болмаса әлі де 

болса ыстық плитаның немесе пісіргіштің үстіне 

қоймаңыз.

• 

Құрылғыны әрдайым тұрақты, тегіс жерге орнату 

қажет.

• 

Ашаны розеткаға қосу және құрылғыны қосу 

алдында әрқашан нан табасын құрылғыға салыңыз.

• 

Пайдаланып болғаннан кейін құралды әрқашан 

ажыратыңыз.

• 

Тазалау немесе жылжыту алдында әрқашан 

құрылғыны суытыңыз.

• 

Нан табасын нан пісіру үшін әдеттегі пешке 

салмаңыз.

• 

Құрал жұмыс істеп тұрғанда, оның қол жетімді 

беттері ысып кетуі мүмкін. Нан табасын 

тұтқасынан көтергенде немесе ыстық нан 

табасын, араластыру жүзін немесе ыстық нанды 

ұстағанда әрқашан пеш қолғабын пайдаланыңыз.

• 

Пісіру кезінде бу тесіктерінен немесе пісіру 

барысында немесе одан кейін қақпақты ашқанда 

нан пешінен шығатын ыстық будан сақтаныңыз.

• 

Жұмыс істеп жатқан кезде құралды көтермеңіз 

және жылжытпаңыз.

• 

Қозғалатын бөліктерге тимеңіз.

• 

Құралды күн сәулесі тікелей түсетін жерге 

қоймаңыз.

• 

Бу тесіктеріне металл заттарды немесе бөгде 

заттарды салмаңыз.

• 

Зақымдалған болса, нан табасын пайдаланбаңыз.

• 

Құрылғыны қолданып болғаннан соң, оны 

міндетті түрде тазалаңыз.

• 

Құрылғыны ыдыс жуғышта тазаламаңыз.

• 

Құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.

• 

Шығатын қызуға байланысты зақымды болдырмау 

үшін құрылғының үстінде, артында және екі 

жағында кемінде 10 см бос орынды қалдырыңыз.

• 

Құрылғыны зақымдамау үшін нан табасын немесе 

кез келген басқа затты құрылғы үстіне қоймаңыз.

Өңдеу 

Өніміңіз өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен 

бөлшектерден жасалып, өндірілген.

Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі болса, өнім Еуропалық 2002/96/

EC директивасына кіретінін білдіреді.

Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Электр және 

электрондық өнімдердің бөлек жиналуы туралы жергілікті ережелермен танысыңыз. Ескі 

өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы қоршаған ортаны және адам денсаулығын 

сақтап қалуға болады.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға 

сәйкес келеді. Нұсқаулықта көрсетілгендей және ұқыпты қолданылған жағдайда, 

құралды пайдалану қазіргі ғылыми дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.

Қуат үзілісі жағдайындағы сақтау

Бұл құралда қуатпен қамтамасыз ету 10 минут ішінде жалғасатын болса, қуат үзілісінің 

алдындағы күйді есте сақтайтын сақтау функциясы бар. Егер қуат үзілісі пісіру барысында 

орын алса, пісіру уақытын кері санау қуатпен қамту жалғасқанда бұрынғы орыннан 

басталады. Егер қуат үзілісі 10 минуттан көбірек жалғасса және пісіру барысында 

орын алса, нан пеші қуатпен қамту жалғасқанда алдын ала орнатылған параметрлерді 

автоматты түрде қалпына келтіреді. Нан пешін ашыңыз, оның құрамын алыңыз және 

барлығын қайтадан бастаңыз. Егер таймерді орнатсаңыз және қуат үзілісі орын алғанда 

пісіру процесі әлі басталмаса, нан пеші қуатпен қамту жалғасқанда нан пеші автоматты 

түрде алдын ала орнатылған параметрді қалпына келтіреді. Нан пешін ашыңыз, оның 

құрамын алыңыз және барлығын қайтадан бастаңыз.

2  Кіріспе

Сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 

ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында 

тіркеңіз.

3  Нан пеші

Негізгі құрылғы

 Бақылау терезесі

 Басқару панелі

 Қақпақ

 Штепсельдік ұш

Басқару панелі

 ЦИКЛ

 Алдын ала орнату таймері

 Бөлке салмағы

 Бағдарлама мәзірі

 Қабық түсі

 Бастау/тоқтату/болдырмау түймесі

 СКД күйінің дисплейі

Қосалқы құралдар

 Илеу пышағы

 Мөлшерлеу қасығы

 Нан табасы

 Өлшеуіш шыны аяқ

 Ілгек

 Қақпағы бар йогурт ыдысы (тек HD9046)

4  Нан пешін пайдалау

Бірінші рет пайдалану алдында

Құралдан бүкіл орауышты алыңыз. Араластыру жүзін лақтырып жібермеңіз.

Құралдың корпусынан барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.

Құралда жиналған шаңды тазалау үшін, құрал сыртын, нан табасын және илеу 

пышағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

2/2

Содержание HD9045

Страница 1: ...nd 9 g 12 g 14 g yeast for general bread super rapid bread and cake programs respectively Check if the voltage indicated on the appliance corresponds to the local mains voltage before you connect the appliance Only connect the appliance to an earthed wall socket Always make sure that the plug is inserted firmly into the wall socket Do not use the appliance if the plug the mains cord the body of th...

Страница 2: ...вить вилку в розетку электросети убедитесь что нагревательный элемент вращающийся вал формы для выпечки и внешняя поверхность формы для выпечки являются чистыми и сухими Не используйте прибор для целей отличных от описанных в данном руководстве Запрещается включать устройство в сеть или пользоваться панелью управления с мокрыми руками Во время работы прибора соблюдайте достаточное расстояние от от...

Страница 3: ...іргіштің үстіне қоймаңыз Құрылғыны әрдайым тұрақты тегіс жерге орнату қажет Ашаны розеткаға қосу және құрылғыны қосу алдында әрқашан нан табасын құрылғыға салыңыз Пайдаланып болғаннан кейін құралды әрқашан ажыратыңыз Тазалау немесе жылжыту алдында әрқашан құрылғыны суытыңыз Нан табасын нан пісіру үшін әдеттегі пешке салмаңыз Құрал жұмыс істеп тұрғанда оның қол жетімді беттері ысып кетуі мүмкін Нан...

Страница 4: ...ақыт 13 сағатқа жетіп таймер түймесі әлі де басылып тұрса дисплей орнатылған бағдарламаның пісіру уақытына қайтады 4 бастау тоқтату болдырмау түймесі түймесін басыңыз Таймер орнатылған уақытты минуттармен кері санайды Нан таймер 0 00 ге дейін кері санағанда және нан пеші дыбыстық сигнал шығарғанда дайын болады Пісіру процесін аяқтау Абайлаңыз Нан пешінің іші нан табасы араластыру жүзі және нан өте...

Отзывы: