Қ
аза
қ
ша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
- Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты сорғызбаңыз. Жануы жеңіл заттарды соруға болмайды,
ал күлді сору үшін, оның суығанын күтіңіз.
- Құралды немесе адаптерді суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз және
ағынды судың астына шаймаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
- Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ашпаңыз.
- Құрылғы мен адаптерді пайдаланбас бұрын тексеріңіз. Егер құрал немесе адаптер зақымдалған
болса, оларды қолданбаңыз. Зақымдалған бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
- Адаптер зақымдалған жағдайда, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек түпнұсқасымен ауыстыру
керек.
- Адаптерде трансформатор бар. Басқа ашамен ауыстыру үшін, адаптерді кеспеңіз, бұл қауіпті
жағдай тудыруы мүмкін.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға пайдалануға
болады. Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет
көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
Абайлаңыз
- Құралды тек қана адаптердің көмегімен зарядтаңыз. Зарядталып жатқанда адаптер кішкене ысып
кетеді. Бұл қалыпты жағдай.
- Құралды розеткаға қосуды, ажыратуды немесе пайдалануды ылғалды қолдармен орындамаңыз.
- Құралды сымынан тартып өшірмеңіз. Кішкентай тығынды (сурет 1) құралдан және адаптерді
қабырға розеткасынан (сурет 2) тартумен өшіріңіз.
- Қолданып болған соң және зарядтау кезінде құралды өшіру керек.
- Шаңды сорғызып жатқанда, пайдаланылған ауаны шығаратын тесіктерді жаппаңыз.
- Шаңсорғышты сүзгі бөлігімен ғана қолданыңыз.
- Құралдың қабырғаға орнатылған қабырға бекітпесімен пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға
сай орнатылғанын тексеріңіз.
- Ток соғу қаупін болдырмау үшін қабырға бекітпесін тіркеу мақсатында қабырғада тесік жасаған
кезде абай болыңыз.
- Максималды шу деңгейі: Lc = 85 дБ(A)
69
Қазақша
Содержание FC6169
Страница 1: ......
Страница 2: ......
Страница 72: ...fillpage ...
Страница 73: ...fillpage ...
Страница 74: ...fillpage ...
Страница 75: ......
Страница 76: ...1 2 3 4 2 1 5 6 7 8 9 10 11 12 1 2 13 ...
Страница 77: ......