абайлаңыз
- Сым үстел жиегінен немесе құрылғы жұмыс жасап жатқан беттің жиегінен
салбырап тұрмауы тиіс.
- Тостердің метал бөліктерін қолмен ұстауға болмайды, себебі жұмыс жасап жатқанда олар
өте ыстық болады. Тек басқару тәсілдеріне ғана қолдарыңызды тигізіп, құралдың тек
пластик бөліктерін ғана ұстауға болады.
- Тостерді ыстық бетке қоюға болмайды.
- Құрылғыны тек жерге тұйықталған розеткаға ғана қосыңыз.
- Құралды қолданып болған соң өшіріп отырыңыз.
- Тостер тек үйде қолдануға жасалған және оны тек үйдің ішінде ғана қолдануға болады.
Оны коммерциялық немесе индустриялық мақсатпен қолдануға болмайды.
- Егер нан тостер ішінде кептеліп қалса, құралды өшіріп, әбден суығанша қалдырыңыз, тек
содан соң нанды шығаруға тырысуыңызға болады. Пышақты немесе басқа өткір құралды
қолдануға болмайды, себебі олар ысыту элементтеріне зақым тигізуі мүмкін.
- Қыздыратын сөре тек бөлішкелер мен круассандарды қыздыруға арналған. Басқа
тағамдарды қыздыратын сөреге қоймаңыз, себебі бұл қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі
кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
алғаш пайдаланар алдында
Барлық жабыстырылған стикерлерді алып тастап, дымқыл шүберекпен құралды сүртіп шығыңыз.
Құралды алғашқы рет қолданар алдында,оны жақсы желденетін бөлмеде, оған нан салмай,
жоғарғы қыздыратын бағдарламамен бірнеше рет жұмыс жасатыңыз. Бұл құралда жиналып
қалуы мүмкін кез келген шаңды жандырып жіберіп, нанды тостерлегенде пайда болуы мүмкін
жағымсыз иістен қорғайды.
Құралды қолдану
1
Құралды тегіс, жайлы бетке, перделерден және басқа жылдам жанып кетуі мүмкін
материалдардан алшақтау жерге қойыңыз. Тоқ сымын қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
2
Тоқ сымының ұзындығын сәйкестендіру үшін, құралдың негізіндегі тіреуішіне оның
артық бөлігін орап қойыңыз (Cурет 2).
нанды тостерлеу
Тостерді қадағалаусыз қолдануға болмайды.
1
Тостерге бір немесе екі нан тілімін салыңыз (Cурет 3).
2
Өзіңізге керек күйдіретін деңгей бағдарламасын таңдаңыз. (Cурет 4)
Сәл ғана қуырылған тостер алу үшін (1-2) төмен бағдарламаны таңдаңыз, ал қатты қуырылған
тостер алу үшін, (5-7) жоғары бағдарламаны таңдаңыз.
3
Құралды іске қосу үшін тостерлейтін рычагті басыңыз. (Cурет 5)
Егер құрал тоққа қосылып тұрса, тостерлейтін рычаг төменде орналасады.
,
Тоқтату түймесінің жарығы қосылады.
Тостер жасап жатқанда тостердің метал бөлшектері қатты қызады. Оларды ұстап қалмаңыз.
ҚазаҚша
26
Содержание Cusina HD2611
Страница 1: ...HD2611 ...
Страница 2: ...2 ...
Страница 3: ...3 H F E G B C A D 1 ...
Страница 4: ...4 ...
Страница 57: ...57 ...
Страница 58: ...58 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ...
Страница 59: ...59 ...
Страница 60: ...4222 005 0025 1 ...