-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Қолданбас бұрын, құралды әрдайым тексеріңіз. Зақымданған болса,
оны қолданбаңыз. Жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
-
Құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолданбаңыз.
Ескерту
-
Тек құрылғымен бірге берілген адаптерді қолданыңыз.
-
Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
-
Құралды жинақпен берілген сақтау дорбасында зарядтауға
болмайды (тек BT7085 үлгісінде).
-
Қырқу тарақтарының бірі немесе қырқу бөлігі зақымдалған немесе
сынған болса, құралды қолдануға болмайды. Жарақатқа апаруы
мүмкін.
-
Адаптер, қырқу бөлігі немесе қырқу тарақтарының бірі зақымдалса,
қауіп тудырмау үшін әрдайым оларды түпнұсқа түрімен ауыстырып
отырыңыз.
-
Бұл құрал тек адамның сақалын күзеуге арналған. Құралды басқа
мақсатта қолдануға болмайды.
Жалпы ақпарат
-
Құралдың автоматты кернеу таңдағышы бар, сондай-ақ құрал
кернеуі 100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға арналған.
-
Адаптер 220-240 В кернеуін 24 В аз болатын қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
-
Шу деңгейі: Lc = 65 дБ (A).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
-
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Пайдалануға дайындау
Зарядтау (BT7085/QT4070)
Құралды алғаш рет немесе ұзақ уақыттан кейін қолданар алдында толық
зарядтау керек.
Стандартты зарядтау уақыты — шамамен 60 минут.
1
Зарядтамас бұрын, құралды өшіріп қойыңыз.
2
Штепсельдік ұшты құралға енгізіп, адаптерді қабырғадағы
розеткаға жалғаңыз.
,
Батареясы отырған құралды зарядтауды бастағанда заряд деңгейі
көрсеткішінің төменгі бөлігі қызғылт сары болып жыпылықтайды.
7 минуттық қырқу жұмысына жететін қуат жиналғанда төменгі
бөлік көк болып жыпылықтай бастайды.
ҚАЗАҚША
66