23
сіздің SCH550 цифірлі Ванна және Бөлме Термометіріңіз
Philips AVENT цифірлі ванна және бөлме термометірі, сіздің
нәрестеңіздің ваннасының немесе бөлмесінің температурасын
ыңғайлы түрде дәл білуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сіздің
сәбиіңіз бұл өніммен қауіпсіз түрде ойнай алады, себебі бұл
термометр Еуропа ойыншық үлгілеріне сәйкес келетіндей
етіліп жасалған.
Сәбиіңіз ваннадағы су температурасы 36,5° және 38° аралығында
болса, өзін тамаша сезінетін болады. 39° және одан жоғары
температура сәбиіңізге өте ыстық болып, сәбиіңіз күйіп қалуы мүмкін!
Ұйықтап жатқан сәбилерге ең қолайлы бөлме температурасы 18°
шамасында болып келеді.
Өнімді қолданар алдында, осы нұсқауды міндетті түрде оқып
шығыңыз. Осы нұсқауды және өнім қорабын сақтап қойыңыз, себебі
оларда өте маңызды ақпарат бар.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты
барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша
берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл құрал,
бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз
болып келеді.
Өзіңіздің цифірлі ванна және бөлме термометірін қолдану
Цифірлі ванна және бөлме термометірін әр уақытта қолдануға
болады. Оны тек суға салыңыз немесе сәбидің бөлмесіндегі шкафтың
үстіне қойыңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
- Су температурасын тексерер алдында, суды жақсылап
арластырыңыз.
- Ваннаға су құйып жатқанда, оның ішіне термометірді салып
қойыңыз. Сонда сіз су температурасын жылдам әрі тура білетін
боласыз.
- Температураны өлшеген кезде, суды шайқау керек.
Термометрді 2 жыл қолданғаннан соң, оның батареясы таусылуы
мүмкін. Ондай жағдайда батареяны ауыстыруға болады.
ҚазаҚша
4222.002.6547.5.indd 23
23-07-10 10:32
Содержание AVENT SCH550
Страница 1: ...SCH550 ...
Страница 2: ...2 ...
Страница 3: ...3 1 2 ...
Страница 4: ...4 ...
Страница 53: ...53 ...
Страница 54: ...4222 002 6547 6 www philips com AVENT ...