![Philips AVENT SCD501 Скачать руководство пользователя страница 54](http://html1.mh-extra.com/html/philips-avent/scd501/scd501_user-manual_1550260054.webp)
54
1 Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз
және Philips AVENT компаниясына қош
келдіңіз! Philips AVENT ұсынатын қолдауды
толығымен қолдану үшін өнімді www.philips.com/
welcome сайтында тіркеңіз. Осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
2 Маңызды
2.0.1 Қауіпті жағдайлар
•
Ешқашан нәресте мониторының ешбір бөлігін
суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа
батырмаңыз. Су немесе кез келген басқа
сұйықтық тамуы немесе шашыруы мүмкін
жерге қоймаңыз. Ылғалды орындарда немесе
суға жақын пайдаланбаңыз.
•
Нәресте мониторының үстіне ештеңе
қоймаңыз немесе оны жаппаңыз.
Ешбір желдету саңылауларын бұғаттамаңыз.
•
Сымдар тұншығу қаупін тудырады.
Сымдарды балалардан аулақ ұстаңыз
(1 метрден/3,5 футтан көбірек алыс).
Ешқашан нәресте бөлігін нәрестенің
төсегіне немесе ойнау алаңына қоймаңыз.
2.0.2
Абайлаңыз!
•
Құрылғыны қосар алдында нәресте бөлігі
мен ата-ана бөлігіндегі адаптерлерде
көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің
кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
•
Тек Philips ұсынған адаптерді
(S003PV0600050 үлгісі) пайдаланыңыз.
•
Адаптердің ешбір бөлігін өзгертпеңіз және/
немесе кеспеңіз, бұл қауіпті жағдайды тудырады.
•
Нәресте адаптері немесе ата-ана
бөлігі зақымдалған болса, нәресте мониторын
пайдаланбаңыз. Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
•
Ток соғуын болдырмау үшін нәресте
бөлігінің артқы панелін босатпаңыз.
•
Қауіпсіздігіне жауапты адамның
қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау
қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен,
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны
қолданбауы керек. Балалар құрылғымен
ойнамауы керек.
2.0.3 Ескерту
•
Бұл нәресте мониторы көмекші құрал
ретінде пайдалануға арналған. Оны жауапты
және тиісті ересектің қадағалауын ауыстыру
ретінде пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны 0°C (32°F) және 40°C (104°F)
арасындағы температурада пайдаланыңыз.
Құрылғыны -25°C (-13°F) және 70°C (158°F)
арасындағы температурада сақтаңыз.
•
Нәресте және ата аналар бөліктерін тым
қатты суыққа немесе тым қатты ыстыққа
немесе тікелей күн сәулесіне шалдырмаңыз.
Және де нәресте мен ата аналар бөліктерін
қызу беру орнына жақын орнатпаңыз.
•
Ата-аналар және нәресте бөліктерін
ешқашан еш нәрсемен жаппаңыз (мәселен,
сүлгі немесе көрпеше).
ҚАЗАҚША