
13
ҚАЗАҚША
ҮТІК MW-3051 BN
Үтік киімді, төсек жайманы үтіктеуге және мата-
ларды тік булауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Су шашыратқышы
2.
Құятын саңылау қақпағы
3.
«Тұрақты бу беру/өздігімен тазалану»
ауыстырғышы
4.
Қосымша бу беру батырмасы
5.
Су шашыратқышы батырмасы
6.
Қолсап
7.
Қыздырғыш элементтің іске қосылу/сөну
көрсеткіші
8.
Желілік баусым қорғанысы
9.
Үтіктің негізі
10.
Суға арналған сауыт
11.
Температура реттегіші
12.
Судың максималды деңгейінің көрсеткіші
13.
Үтіг табаны
14.
Өлшейтін стаканша
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру
тізбегінде номиналды іске қосылу тогы
30 мА аспайтын қорғаныс сөндіру
құрылғысын (ҚСҚ) орнатқан дұрыс, ҚСҚ-ны
орнату үшін маманға хабарласыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген
пайдалану бойынша нұсқаулықты зейін қойып
оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Берілген нұсқаулықта көрсетілгендей, құрылғыны
тек оның тікелей міндеті бойынша ғана
пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдалан-
бау оның бұзылуына, тұтынушыға немесе оның
мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Іске қосу алдында электр желісінің кернеуі
үтіктің жұмыс істеу кернеуіне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
•
Желілік баусым «еуроашамен» жабдықталған;
оны сенімді жерлендіру түйіспесі бар электрлік
ашалыққа қосыңыз.
•
Өрттің пайда болу қаупіне жол бермеу үшін
аспапты электр ашалығына қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•
Электрлік желінің асыра жүктелуіне жол бер-
меу үшін тұтынатын қуаты жоғары бірнеше
құрылғыны бірмезгілде іске қоспаңыз.
•
Үтікті панажайлардан тыс және ылғалдылығы
жоғары панажайларда пайдаланбаңыз.
•
Үтікті жазық тұрақты бетке қойыңыз немесе
тұрақты үтіктеу тақтасын пайдаланыңыз.
•
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтіктің беттері жұмыс
уақытында қызады. Күйікке шалдығудың
алдын-алу үшін терінің ашық бөліктерінің
үтіктің ыстық беттерімен немесе шығып
жатқан бумен түйісуіне жол бермеңіз.
•
Суға арналған сауытқа хош иістендіргіш
сұйықтықтарды,
сірке
суын,
крах-
мал ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және т.с.с.
құюға тыйым салынады.
•
Құрылғыны сепкіштер шашыратылатын неме-
се тез тұтанатын сұйықтықтар пайдаланыла-
тын жерлерде қоспаңыз.
•
Үтік табанының бүлінуіне жол бермеу үшін
металл сырғымасы немесе металл түймелері
бар заттарды үтіктеген кезде сақ болыңыз.
•
Жұмыс кезінде желілік баусымның үтіктеу
тақтайшасында болмауын және ыстық беттер
мен үшкір жиектерге тимеуін қадағалаңыз.
•
Желіге қосылған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс кезіндегі үзілістер
және салқындау уақытында үтікті негізіне (тік
күйінде) қойыңыз.
•
Үтікті электрлік желіге қосу/ажырату алдын-
да температура реттегішін минималды күйіне
белгілеңіз және тұрақты бу беруді сөндіріңіз.
•
Үтікті пайдаланбасаңыз, онда оны міндетті
түрде электр желісінен ажыратыңыз.
•
Сауытты сумен толтырғанда желілік баусым
ашасын міндетті түрде электрлік ашалықтан
суырыңыз.
•
Су құятын саңылаудың қақпағы үтіктеу
уақытында жабық болуы керек.
•
Үтікті электр желісінен сөндірген кезде
әрқашан желілік ашадан ұстаңыз, ешқашан
желілік баусымнан тартпаңыз.
•
Электр тоғы соққысына жол бермеу үшін
үтікті, желілік баусымды немесе желілік бау-
сым ашасын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтыққа матырмаңыз.
•
Үтікті жинап қойғанға дейін оған толық
салқындауға уақыт беріңіз және судың
қалдығын төгіңіз.
•
Үтікті желіден ажыратқаннан кейін ғана суды
сауыттан төгіңіз.
•
Құрылғыны тұрақты тазалап тұрыңыз.
•
Құрылғы корпусын және желілік баусым аша-
сын сулы қолмен ұстамаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балаларға
үтіктің корпусына және желілік баусымға
қолын тигізуге рұқсат етпеңіз.
IM MW-3051.indd 13
10/4/17 11:45