26 ҚАЗАҚША
Орнату білігіне ішкі фланецті ойық жағы сыртқа
қарап тұратындай орнатыңыз, содан кейін ара
жүзін (қажет болған жағдайда сақинаны бірге
бекітіңіз), сыртқы фланецті және алты қырлы болтты
орналастырыңыз.
АЛТЫ ҚЫРЛЫ БОЛТТЫ САҒАТ ТІЛІ БАҒЫТЫМЕН
БЕРІК БЕКІТІҢІЗ.
ЕСКЕРТУ:
•
Жүзді айналдырғыға орнатпас бұрын
қолданылатын жүздің білік саңылауына
арналған сәйкес келетін сақина
сыртқы және ішкі фланецтің арасына
орнатылғанына әрдайым көз жеткізіңіз.
Сәйкес емес білік саңылауы сақинасын
пайдалану жүздің дұрыс орнатылмауына
әкеледі, нәтижесінде басқаруды жоғалтуға
және ауыр жарақат алу ықтималдығына
себеп болатын жүздің қозғалуына әсер етеді
және қатты діріл туындайды.
Алты қырлы кілтті сақтау
►
Сурет18:
1.
Алты қырлы кілт
Алты қырлы кілт қолданылмайтын кезде жоғалып
қалмауы үшін суретте көрсетілгендей сақтаңыз.
Шаңсорғышты қосу
(Кейбір елдерде қосымша керек-жарақ)
►
Сурет19:
1.
Шаң жүретін мойын
2.
Бұранда
3.
Тетік
►
Сурет20:
1.
Шаңсорғыш
2.
Шланг
Кесу жұмысын таза етіп орындау қажет болған кезде
құралға Makita шаңсорғышын қосыңыз.
Шаң жүретін мойынды құралға бұранда арқылы
орнатыңыз. Содан кейін шаңсорғыш шлангісін
суретте көрсетілгендей шаң жүретін мойынға
жалғаңыз.
Шаң жүретін мойын қалыпты жабдық ретінде
берілмеген құрал үшін төменгі сақтандырғышта
бекітілген тетікті шаң жүретін мойынды (қосымша
керек-жарақ) орнатумен мезгілде онымен бірге
жабдықталған тетікпен ауыстырыңыз. Әйтпесе
төменгі сақтандырғыштың жылжуына шаң жүретін
мойын кедергі жасағандықтан, кесуді орындай
алмайсыз.
ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
•
Құралды тік сызықпен алға қарай ақырын
жылжытыңыз. Құралға күш салу немесе оны
бұру қозғалтқышты қыздыруы және қауіпті
кері соққыға әкелуі мүмкін, нәтижесінде ауыр
жарақат алу ықтималдығы артады.
•
Әрқашан жұмыс істеу кезінде алдыңғы
тұтқаны және артқы сапты пайдаланып,
оларды мықтап ұстаңыз.
►
Сурет21
Құралды мықтап ұстаңыз. Құралдың алдыңғы тұтқасы
мен артқы сабы бар. Құралды жақсылап ұстау үшін
екеуін де пайдаланыңыз. Араны екі қолыңызбен ұстап
тұрсаңыз, оларды жүзі кесіп кетпейді. Құрал табанын
кесілуі қажет өңделетін бөлшекпен жүзі жанаспайтындай
қойыңыз. Содан кейін құралды қосыңыз және жүзі толық
жылдамдыққа жеткенше күтіңіз. Содан кейін құралды
кесу аяқталғанша өңделетін бөлшектің бетінде жай ғана
алға қарай бір қалыппен тегістеп жылжытыңыз.
Кесуді таза етіп орындау үшін кесу сығызын түзу
және жылдамдығын бірқалыпты ұстаңыз. Егер кесу
көзделген кесу сызығына сәйкес келмей қалса,
құралды кесу сызығына қарай бұрмаңыз немесе
күштеп қайтармаңыз. Бұл әрекет жүздің кептеліп
қалуына, қауіпті кері соққыға және ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін. Ауыстырып-қосқышты босатыңыз,
жүздің тоқтауын күтіңіз және содан кейін құралды
алыңыз. Құралды жаңа кесу сызығына қайта
орналастырыңыз және кесуді қайта бастаңыз. Арадан
шығатын жаңқа мен ағаш шаңының операторға
тиіп кететіндей қалыпта тұрмаңыз. Жарақат алуды
болдырмау үшін қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.
Бағыттаушы тақтайша (бағыттауыш
сызғыш) (қосымша керек-жарақ)
►
Сурет22:
1.
Бекіткіш бұранда
2.
Бағыттаушы
тақтайша (бағыттауыш сызғыш)
Қолайлы бағыттаушы тақтайша жоғары дәлдікпен
түзу кесуге мүмкіндік береді. Бағыттаушы
тақтайшаны жай ғана өңделетін бөлшек бүйірімен
тығыздатып сырғытыңыз және табанның алдыңғы
жағындағы бекіткіш бұрандамен өз орнына бекітіңіз.
Бұл сондай-ақ ені бірдей қайталанатын кесу
түрлерін орындауға мүмкіндік береді.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
•
Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және токтан
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
•
Төменгі сақтандыру жүйесінің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін жинақталған
жоңқа болмауы үшін жоғарғы және
төменгі сақтандырғыштарды тазалаңыз.
Сақтандыру жүйесінің лас болуы дұрыс
жұмыс істеуді шектеуі мүмкін, нәтижесінде
ауыр жеке жарақат пайда болуы ықтимал.
Осы тазалау жұмысын жүргізудің ең
тиімді әдісі – сығылған ауамен тазалау.
Сақтандырғыштардан шаң шығарылу
кезінде, көзді және тыныс алу мүшелерін
қорғайтын тиісті қорғаныш құралдарын
пайдаланыңыз.
•
Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде
түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда
болуы мүмкін.