204
ҚАЗАҚША
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қаупін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз.
Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз.
Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Бұл құрылғыға тек білікті жөндеу маман
қызмет көрсетуі тиіс. Қызмет көрсетуді немесе
техникалық қызмет көрсетуді біліктілігі жоқ
қызметкер орындаса, қауіп немесе жарақат
пайда болуы мүмкін.
2. Осы құрылғыға қызмет көрсету кезінде тек
түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Мақұлданбаған бөлшектерді пайдалану немесе
техникалық қызмет көрсету нұсқауларын
орындамау ток соғуға немесе жарақатқа әкелуі
мүмкін.
3. Бұл құрылғы қатты зақымдалса да, оны отқа
жақпаңыз. Аккумуляторлар отта жарылып
кетуі мүмкін. Құрылғыны жергілікті ережелерге
сәйкес кәдеге жаратыңыз.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз.
Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу
жағдайларына алып келуі мүмкін.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
5.
Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз:
(1)
Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2)
Аккумулятор картриджін ішінде
шегелер, тиындар, т.б. басқа металл
заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
(3)
Аккумулятор блогын суға салмаңыз
немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы
үлкен ток ағынының пайда болуына,
қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті
бұзылуға себеп болуы мүмкін.
6.
Құралды және аккумулятор блогын
температурасы 50 °C-ден (122 °F)
шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз
және пайдаланбаңыз.
7.
Аккумулятор блогы қатты зақымдалған
немесе толығымен тозған болса да, оны
отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта
жарылып кетуі мүмкін.
8.
Аккумулятор картриджін шегелеуге,
кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе
оны қатты затпен соғуға болмайды.
Бұл
әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе
жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
9.
Зақымдалған аккумуляторды
пайдаланбаңыз.
10.
Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және
қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы
талаптарына сәйкес қарастырылады.
Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы,
үшінші тараптар, экспедиторлар үшін
қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар
сақталуы тиіс.
Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар
бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек.
Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық
қарап шығыңыз.