![Makita CF001G Скачать руководство пользователя страница 216](http://html.mh-extra.com/html/makita/cf001g/cf001g_instruction-manual_226038216.webp)
216
ҚАЗАҚША
Желдеткіш бастиегінің тербелісі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Желдеткіш бастиегінің
тербелісі кезінде оның қозғалыс ауқымындағы
кедергілерді алып тастаңыз. Аккумуляторлы
желдеткіш тербеліс әсерінен қозғалып, құлап түсуі
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тербелісті тоқтату үшін
желдеткіш бастиегін ұстамаңыз. Тоқтату үшін
әрдайым тербеліс түймесін басыңыз.
Желдеткіш бастиегін тербелту үшін тербеліс
түймесін басыңыз. Тербелісті тоқтату үшін түймені
қайтадан басыңыз. Тербеліс түймесі басылған кезде,
желдеткіш бастиегі ағымдағы орнынан тербеле
бастайды. Желдеткіш бастиегі 90 градус бұрыш
ауқымында тербеледі.
►
Сурет7:
1.
Тербеліс түймесі
ЕСКЕРТПЕ:
Желдеткіш бастиегінің орнына
байланысты, тербеліс механизмінің әсерінен,
тербеліс түймесін басқан кезде желдеткіш бастиегі
бірден тербелмеуі мүмкін.
Автоматты түрде өшетін таймер
Желдеткіш жұмыс істеп жатқанда, автоматты түрде
өшетін таймер түймесін басыңыз. Автоматты түрде
өшетін таймерді белсендіру ұзақтығы түймені әр
басқан сайын өзгеріп отырады (1 сағат/2 сағат/4
сағат/өшірулі). Автоматты түрде өшетін таймер
индикаторы желдеткішті өшіру үшін қалған сағатты
көрсетеді. Автоматты түрде өшетін таймер
индикаторы уақытпен бірге өшіріледі.
►
Сурет8:
1.
Автоматты түрде өшетін таймер
түймесі
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятор картриджінің түріне және
оның қалған қуатына байланысты, автоматты
түре өшетін таймер орнатылған уақыттан ертерек
қосылуы мүмкін.
АТ адаптерін пайдалану
ЕСКЕРТУ:
Құрылғының сымы немесе ашасы
зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Ашаны дымқыл немесе лас қолмен
ұстамаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Қуат электр желісі арқылы
қамтамасыз етілген кезде, АТ адаптерін
құрылғыдан ажыратылған күйінде қалдырмаңыз.
Кішкентай балалар ашаны ауыздарына салып,
жарақат алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Электр желісіне қосулы ашаны
немесе сымды аузыңызға салмаңыз. Ток соғуы
мүмкін.
АТ адаптерінің 15 В ТТ ашасын 15 В ТТ бастиегіне
жалғаңыз, содан кейін АТ істіктерін желілік қуат
көзіне қосыңыз. Желілік қуат көзінің номиналды
кернеуі адаптердің номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
►
Сурет9
ЕСКЕРТПЕ:
АТ адаптері жалғанғаннан кейін,
құрылғының қосылуы үшін 3–5 секунд қажет.
ЕСКЕРТПЕ:
Адаптерді қуат көзі ретінде
пайдаланған кезде, ол сықырлауы мүмкін. Бұл
қалыпты қолданысқа әсер етпейді.
ЕСКЕРТПЕ:
ТТ қуат режимінде пайдаланған кезде
де, құрылғы қуат көзіне қосылған кезде АТ қуат
режиміне автоматты түрде ауысады.
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумуляторлы желдеткіш ТТ қуат
режимінен АТ режиміне және керісінше ауысқан
кезде, жел жылдамдығы уақытша өзгеруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
АТ адаптері құрылғыға енгізілген
аккумуляторды зарядтамайды.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым
құрылғының өшірулі екеніне, желіден
ажыратылғанына және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Жанармайды, бензинді,
сұйылтқышты, спиртті немесе соған
ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе
жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану
арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе
зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан
орындалуы керек.
Жалпы техникалық қызмет
көрсету
Құрылғы суығаннан кейін, кірді, шаңды, майды
және шырышты т.б. тазалау үшін таза маталарды
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Барлық бөлшектерді өкілетті
қызмет көрсету орталығында ауыстыру қажет.
Желдеткішті тазалау
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Сақтандырғышты алып
тастамас бұрын желдеткішті желілік қуат
көзінен ажыратыңыз.
Желдеткіш қақпағының ішкі бөлігін тазалау кезінде
желдеткіш қақпағын келесі әдіспен алып тастаңыз.
1. Желдеткіш қақпағының артқы бөлігінде
орналасқан бұранданы босатыңыз.
►
Сурет10:
1.
Бұранда
Содержание CF001G
Страница 2: ...1 3 2 4 6 5 7 8 9 Fig 1 1 3 2 Fig 2 Fig 3 1 2 Fig 4 1 Fig 5 2 ...
Страница 3: ...90 90 90 45 Fig 6 1 Fig 7 1 Fig 8 Fig 9 1 Fig 10 3 ...
Страница 4: ...4 1 Fig 11 Fig 12 ...