4.1.2. Біріктіргіш кабельдің екі жағынан муфтаны шешіңіз. Оларды шамдалдың желілік
кабеліне және қуат көзі кабеліне орналастырыңыз.
4.1.3. Біріктіргіш кабельдегі сымдарды берілген сұлбаға сәйкес қосыңыз. Созылу
бұрамасының максималды күші-0,5 Нм. Біріктіргіш кабельді кейінгі жүйелікпен жинаңыз. 2,5
Нм кушімен муфтаны тартыңыз.
4.2. Шамдалды ішінен қосу:
4.2.1. Бұраманы бұрай отырып шамдалдың қақпағын шешіңіз.
4.2.2. Желілік кабельді (max 2,5 мм2) тазалаңыз. Тұрқыдағы кабельдік кірме арқылы
кабельді жүргізіңіз және оны қысыңыз. Кабельдік кірме қуат беруші кабелінің домалақ
қимасының сыртқы диаметрі 6-10 мм болған кезде жүргізіледі. Көрсетілген кереғарлыққа
сәйкес клемдік қалыпқа тоқ өткізгіш тарамдарын қосыңыз.
DALI тәртібін қолдану үшін басқару сымдары клемдік қалыпқа (DA контактылары)
кереғарлық тәртібін сақтамай қосылады.
4.2.3. Бұраманы тарту арқылы шамдалдағы қақпақты нығайтыңыз. Максималды ішке тарті
күші-6Нм.
25