9
Ұзақ уақыт бойы музыканы жоғары дыбыс
деңгейінде тыңдау есту қабілетіне зиян келтіруі
мүмкін. Сондықтан гарнитураны құлақ жанында
қоспауға немесе өшірмеуге кеңес беріледі.
Сондай-ақ музыка мен қоңырау дыбыс деңгейлері
қалыпты деңгейде болуы тиіс.
• Құлақаспапты пайдаланғанда, жаныңыздағы
адамдардың сөзі естілмесе немесе қасыңыздағы
адам тыңдап жатқаныңызды естісе, дыбыс
деңгейін азайтыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
• Құлақаспаптардан және гарнитуралардан
шығатын дыбыс қысымы өте жоғары болса,
есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
Әйнек бөліктері
Ұялы телефонның кейбір бөліктері әйнектен
жасалған. Телефон жерге түсіп, соғылғанда осы
әйнек бөліктер сынып кетуі мүмкін. Әйнек сынса,
тиіспеңіз немесе алып тастамаңыз. Әйнек қызмет
көрсетуші тарапынан алмастырылмай тұрып ұялы
телефонды пайдаланбаңыз.
Жарылыс аймағы
Жарылыс жасалып жатқан аймақтарда телефонды
пайдаланбаңыз. Шектеулерді тексеріп, шарттар
мен ережелерді орындаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
• Телефонды жанармай құю орындарында
пайдаланбаңыз.
• Телефонды жанармай немесе химиялық
заттардың жанында пайдаланбаңыз.