6
KAZ
Пайдалану әдісі
-
Бұл телефонды жұптастырып, қосқаннан кейін, бастапқыда жұптастырылған
телефонға өтіп, оны құлақаспапқа қосыңыз. (Бұл енді қосымша
телефоныңыз болады).
*
ЕСКЕРТПЕ. HBM-290 екі телефонға бір уақытта (көп нүкте) қосылғанда,
құлақаспаптағы қоңырау шалу функциялары негізгі телефонда жұмыс
істейді.
Қоңырау шалу функциясы
-
Дауыспен теру және соңғы нөмірлерді қайта теру мүмкіндіктері негізгі
телефонда (немесе соңғы шығыс қоңырауын шалған телефонда) жұмыс
істейді.
Күту режиміндегі қоңырау
-
Белсенді қоңырау кезінде сөйлесіп тұрып, кіріс қоңырауына қосылу үшін
CALL түймесін 1 секунд басыңыз.
- 2 белсенді қоңырауды ауыстырып қосу үшін CALL түймесін 1 секунд
басыңыз.
- Белсенді қоңырауды немесе екі қоңырауды да бір уақытта тоқтату үшін CALL
түймесін басып жіберіңіз.
-
Егер екі телефон да кіріс қоңырауды қабылдап жатса, құлақаспап негізгі
құрылғыға қарай бастапқы қалпына келеді.
-
Телефонға қосылып тұрғанда HBM-290 (байқаусызда немесе әдейі)
өшірілсе, құлақаспап пен телефон ажыратылады. HBM-290 ауқымда
болып, қайта қосылғанда, құлақаспап пен телефон автоматты түрде қайта
қосылады.
-
Қосымша телефонды Bluetooth мәзіріндегі құрылғылар тізімінен «LG
HBM290» тармағын таңдау арқылы қосу керек.
Шектен тыс
-
Егер жұптастырылған құрылғылар 10 метр (33 фут) не одан көп аралықпен
бөлектенсе, құлақаспап пен телефон пайдаланушыға дыбыстық белгі
береді, содан кейін құлақаспап пен құрылғы ажырайды.
-
Егер құлақаспап пен телефон қажетті ауқымда болып, автоматты түрде
қайта қосылмаса, HBM-290 құрылғысындағы CALL түймесін басып жіберіңіз
де, қолмен қайта қосыңыз.
-
Қайта қосылуға әрекет жасағанда, құлақаспап дыбыстық белгі береді де,
жарық диодты индикатор 5 секунд сайын екі рет жыпылықтайды.
- Егер құлақаспап 60 минуттың ішінде қайта қосылмаса, ол өшеді.
Қайта байланысу