80
Құлыптау таймері
– экранның күту уақыты біткеннен экранның автоматты түрде
құлыпталуына дейін қалған уақыт мөлшерін орнатуға мүмкіндік береді.
Қуат түймесі дереу құлыптайды
– Қуат/құлып пернесі басылғанда экранды бірден
құлыптау үшін белгілеңіз. Бұл параметр қауіпсіздік құлыптау таймерінің параметрінен
басым болады.
< Негізгі сенсорлы түймешіктер >
Барлық экрандардың төменгі жағында көрсетілетін негізгі экранның сенсорлы
пернелерін орнатыңыз. Көрсетілетіндерін, жолақтағы орнын және қалай көрінетінін
орнатыңыз. Пернелер мен ретін, тақырып пен фонды таңдаңыз.
< ШPИФТ >
Шрифт түрі
– телефон мен мәзірлерге пайдаланылатын қаріп түрін орнатады.
Шрифт өлшемі
– телефон мен мәзірлерде көрсетілетін қаріп өлшемін орнатады.
< БАСҚА ЭКРАН РЕТТЕУІШТЕРІ >
Жарықтығы
– экранның жарықтығын реттейді. Батарея жақсы жұмыс істеуі үшін
қараңғылау қолайлы жарықтықты пайдаланыңыз.
Хабарландыру LED индикаторы
– қосу не өшіру үшін қосқышты түртіңіз. Қосулы
күйі таңдалған хабарландырулар үшін ЖШД жарығын әрқайсысына қойылған түспен
іске қосады.
Экранды автоматты бұру
– телефон бағытына (кітаптық не альбомдық) қарай
телефонды экранды автоматты түрде бұратын ету үшін құсбелгі қойыңыз.
Экран жарығының өшу уақыты
– экранды күту уақыты біткенге дейінгі уақыт
мөлшерін орнатады.
Зерделі экран
– құрылғы экранға қарап тұрған көздеріңізді анықтағанда экран
жарығының өшу уақытын болдырмау құсбелгісі.
< ҚОСЫМША БАПТАУЛАР >
Экранды өшіру әсері
– экран өшіру әсерін орнатады. Ретро ТВ, Қарақұрдым және
Сөну арасынан таңдаңыз.
Daydream функциясы
– қосу немесе өшіру үшін «Daydream» қосқышын түртіңіз.
Қосу күйі телефон қондырмасында тұрғанда және/не зарядталып жатқанда ұйқы
режимінде болса, экран сақтағышты көрсетілетін етіп қоюға мүмкіндік береді. Сағат
және Google Photos опциясының бірін таңдаңыз.
Баптаулар