27
Негізгі экран
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту -
саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте жолдарды және
экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру
– экрандағы элементті түртіп, әрекет орындалғанша
саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол жетімді
опцияларын ашу үшін мәтінмән мәзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде контактіні
түртіңіз және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу -
элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты көтерместен,
саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін
негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Сипау немесе сырғыту
- сипау үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда
тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз). Мысалы, экранды жоғары немесе төмен
жанап өтіп тізімді айналдыруға я болмаса солдан оңға (және керісінше) жанап өту
арқылы әр түрлі негізгі экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту
– веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы,
экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін сол бөлімшені
жылдам екі рет түртіңіз. Суретті көріп отырып, үлкейту және кішірейту үшін екі рет
түртуге де болады.
Масштабтау үшін шымшу
- шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ саусағыңыз бен
бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталар бағдарламасын пайдаланып
жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру -
көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары құрылғының
физикалық бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ.
•
Элементті таңдау үшін белгішенің ортасын түртіңіз.
•
Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді сезетіндей сезімтал.
•
Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа түймелерді
түртпеңіз.