
14
KK
Жылжыту және тасымалдауға
арналған ескертпелер
•
Жабдықтың ішіндегі барлық азық-түлікті алып
тастаңыз. Одан кейін, жабдықтағы сөрелер
және есік тұтқасы сияқты жылжымалы
бөліктерді таспамен бекіткеннен соң ғана
тасымалдаңыз. Олай істемесеңіз, жабдық
зақымдалуы мүмкін.
•
Қуат ашасын шығарып, оны жабдықтың
үстіндегі немесе артқы жағындағы қуат
ашасының ілгегіне кіргізіп, бекітіңіз. Олай
істемесеңіз, қуат ашасы зақымдалуы немесе
еденге сызат түсіруі мүмкін.
•
Жабдықты екі адам абайлап жылжытуы керек.
Өте ауыр жабдықты құлатып алу жеке бас
жарақатына немесе жабдықтың зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
•
Жабдықты ұзақ қашықтыққа тасымалдағанда,
оны тік күйде ұстаңыз. Жабдық құлап,
ақаулыққа әкелуі мүмкін. Қайта іске қосқанда,
хладагент айналысының ақаулығын
тудыратындықтан, жабдықты көлденең
жатқызып тасымалдауға тыйым салынады.
Орнатуға арналған
ескертпелер
•
Құрылғыны мықты және тегіс еденге
орнатыңыз.
−
Жабдық тегіс емес еденде орнатылса,
жабдықтың жарақатқа әкеліп, құлауына себеп
болатын діріл мен шу туындауы мүмкін.
Сондай-ақ, есіктер дұрыс жабылмай,
құрылғының жұмысы кезінде ішке қарай
ылғал кіріп кетуі мүмкін.
−
Жабдықтың алдыңғы немесе артқы жағы тең
болмаса, дұрыстау үшін алдыңғы аяқтарын
реттеңіз. Қатаң жағдайларда еденді жұқа
ағаш бөренелерімен қаптау керек болуы
мүмкін.
•
Жабдықты жылу көздерінің жанына, күн сәулесі
тікелей түсетін немесе ылғалды жерге
қоймаңыз.
•
Қуат көзінің сымын (немесе ашасын) розеткаға
қосыңыз. Сол розеткаға басқа жабдықтарды
қоспаңыз.
•
Қуат көзінің сымын (немесе ашасын) розеткаға
қосқан соң, азық-түлікті жабдыққа екі немесе
үш сағат өткеннен кейін қойыңыз. Жабдық
толық суымай тұрып, азық-түлікті қойсаңыз,
азық-түлік бұзылып кетуі мүмкін.
•
Орнатып болғаннан кейін, қуат вилкасын
розеткаға қосыңыз. Құрылғыны жылжыту және
қоқысқа тастау алдында, оны розеткадан
ажыратыңыз.
Содержание CQ247CAMT
Страница 40: ...Memo ...
Страница 80: ...Для заметок ...