
10
KK
ЕСКЕРТУ
Өнімді пайдаланған кезде адамдарға келетін қауіпті
азайту, өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін
келесі нұсқаулармен бірге негізгі нұсқауларды
орындаңыз:
Орнату
•
Тасымалдау кезінде құрылғыны тарту немесе итеру үшін оны
еңкейтпеңіз.
•
Құрылғыны жылжытқан кезде, қол немесе аяқ сияқты дене
мүшесі қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Пайдалану
•
Мұздатқыш бөлігіндегі металл бөліктерін немесе мұздап тұрған
тағамды дымқыл немесе ылғал қолыңызбен ұстамаңыз. Ол
қатып қалуға себеп болуы мүмкін.
•
Әйнектен жасалған контейнерлерді, бөтелкелерді немесе
банкаларды (әсіресе газдалған сусындары бар) нөлден төмен
температурадағы мұздатқыш камераға, сөрелерге немесе мұз
сақтау құтыларына салмаңыз.
•
Құрылғы есігінің немесе сөрелердің алдыңғы жағындағы
мұздатылған шыны кез келген әсерден зақымдалуы мүмкін. Ол
сынып қалса, оны қолдарыңызбен ұстамаңыз, себебі ол зақым
келтіруі мүмкін.
•
Қосымша есіктің үстіне ауыр зат қоймаңыз.
•
Қосымша есікті тақтай ретінде пайдаланбаңыз және оған өткір
затпен сызат түсірмеңіз, себебі ол құрылғыны зақымдауы
мүмкін.
•
Құрылғы есігіне, сақтау камерасына, сөреге немесе
тоңазытқыш есігіне асылмаңыз және үстіне шықпаңыз.
•
Есік жәшіктерінде тым көп су бөтелкелерін немесе гарнирлерге
арналған контейнерлерді сақтамаңыз. Жәшік сынып кетіп
немесе айналадағы құрылымға қолыңыз соғып кетіп
зақымдануыңыз мүмкін.
Содержание CQ247CAMT
Страница 40: ...Memo ...
Страница 80: ...Для заметок ...