6
Дайындау
Теледидардыкөтеружәнежылжыту
Теледидарды жылжытқанда немесе көтергенде, теледидарды сырылу және зақымнан қорғап, түріне және көлеміне
қарамастан қауіпсіз түрде тасымалдау үшін, төмендегі ақпаратты оқыңыз.
•
Теледидарды зауытта салынған қорабында немесе орамында тасымалдаған жөн.
•
Теледидарды жылжыту немесе көтеру үшін, алдымен қуат сымын және барлық кабельдерді ажырату керек.
•
Теледидарды ұстағанда, зақымды болдырмау үшін экран сізге қарамай
тұруы керек.
•
Теледидар жақтауының жоғарғы жағы мен түбін жақсылап ұстаңыз. Мөлдір
бөлікті, динамикті немесе динамик торының аймағын ұстамаңыз.
•
Үлкен теледидарды кемінде 2 адам тасымалдауы керек.
•
Теледидарды қолмен тасымалдағанда, төмендегі суретте көрсетілгендей
ұстау керек.
•
Тасымалдағанда, теледидарды қатты шайқамаңыз.
•
Тасымалдағанда, теледидарды тігінен ұстаңыз. Жанына жатқызбаңыз және сол немесе оң жағына қарай
еңкейтпеңіз.
•
Жақтау шассиін иетін/майыстыратындай шамадан тыс күш салмаңыз, себебі бұл экранды зақымдауы мүмкін.
•
Теледидарды ұстағанда шығыңқы бастырмаларды зақымдап алмаңыз.
•
Экранды ұстамаңыз, себебі бұл экранның зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
•
Тіректі теледидарға бекіткен кезде, экран сырылып қалмауы үшін оның бетін төмен қаратып, төсем төселген
үстелге қою керек Экранды ұстамаңыз, себебі бұл экранның зақымдалуына себеп болуы мүмкін.