5
•
Батареялар
-
Аксессуарларды (батарея және т.б.)
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
-
Қысқа тұйықталу, бөлшектеу немесе
батареялардың қызып кетуіне жол бермеңіз.
Батареяларды отқа тастамаңыз. Батареялар
шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
-
Абайлаңыз: батареяны дұрыс емес ауыстырған
жағдайда, өрт шығу не жарылу қаупі
туындайды.
•
Жылжыту
-
Жылжытқан кезде, өнімді міндетті түрде өшіріп,
тоқ көзінен ажыратыңыз да барлық кабельдерді
алып тастаңыз. Үлкенірек теледидарды
тасымалдау үшін 2 не одан көп адам керек
болуы мүмкін. Теледидардың алдыңғы панелін
баспаңыз немесе оған күш түсірмеңіз. Әйтпесе,
ол өнімнің зақымдануына, өрт қаупіне немесе
жарақатқа әкелуі мүмкін.
•
Ылғалдан сақтау қаптамасы мен винильді
қаптаманы балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
•
Соққыға, кез-келген заттардың өнімге түсуіне жол
бермеңіз және экранға ештеңе түсірмеңіз.
•
Панелін қолыңызбен немесе тырнақ, қарындаш
немесе қалам секілді өткір затпен қатты баспаңыз
немесе үстін сырмаңыз. Бұл экранға зақым
келтіруі мүмкін.
•
Тазалау
-
Тазалау кезінде қуат сымын ажыратып, жұмсақ
/ құрғақ матамен сүртіңіз. Суды немесе басқа
сұйықтықтарды тікелей теледидарға шашпаңыз.
Өнімді және оның панелін зақымдайтын әйнек
тазалағышын, бөлме иістендіргішін, жәндіктерге
қарсы құралды, майлағыш құралдарды,
балауызды (көлікке арналған, өнеркәсіптік),
абразивті құралды, еріткіштерді, бензолды
және спиртті т.б. қолдануға болмайды. Олай
болмаған жағдайда бұл электр тогының соғуына
немесе өнімнің зақымдануына әкелуі мүмкін.