59
KK
Батареяларды қауіпсіз пайдалану
•
Батареяларды салған кезде, оларды белгіленген
дұрыс бағытпен (+/–) салғаныңызға көз жеткізіңіз.
•
Өнім үнемі пайдаланылмаған кезде батареяларды
алып тастаңыз. Әйтпесе, батареялар ағуы мүмкін.
Ағатын қышқыл теріні күйдіруі немесе өнімді
зақымдауы мүмкін.
•
Батареяларды балалардан және үй жануарларынан
қашық жерде сақтаңыз. Әйтпесе, оларды балалар
немесе үй жануарлары жұтып қоюы мүмкін. Егер
жұтып қойса, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
•
Барлық батареяны бір уақытта ауыстырыңыз. Тек
белгілі түрдегі батареяларды пайдаланыңыз.
•
Батареяларды бөлшектемеңіз немесе қысқа
тұйықтамаңыз және оттан қашық сақтаңыз. Қайта
зарядталмайтын батареяларды ешқашанда
зарядтамаңыз (жарылу қаупі бар!).
Радио таратқыштарды қауіпсіз пайдалану
Айналдыру түймешіктері басылған кезде өнім әлсіз
радио (RF) сигналдарын шығарады. Радио сигналдары
басқа электрондық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.
•
Өнімді электрондық құрылғыларды қолдануға тыйым
салынған жерлерде (мысалы, әуе кемесінде немесе
ауруханаларда) пайдалануға болмайды.
•
Бұл өнімді медициналық жабдықтарға жақын
пайдалануға болмайды. Егер күмән туса, дәрігерге
хабарласыңыз.
Өнімді пайдалану
Баяндамашыны пайдалану үшін:
1. Қаламұшынан
F
сымсыз қабылдағышын шығарып
алыңыз.
2.
USB қосқышын өз орнына шырт етіп түспейінше
жылжыта бетіңіз.
3. Сымсыз қабылдағышты компьютеріңіздің бос USB
портына енгізіңіз. (Компьютер драйверді орнатады.
Енді ешқандай қадам жасаудың қажеті жоқ.)
4. Компьютеріңізден қажетті бағдарламаны ашыңыз
(мыс. PowerPoint
®
).
5.
Алдыңғы/келесі бетке жылжу үшін
C
айналдыру
түймешіктерін қолданыңыз. (Компьютер
пернетақтасындағы page-up/page-down пернелерін
басумен тең.)
•
Лазер меңзерді пайдалану үшін:
Қаламды лазер
шығысы
A
өзіңізге қаратпай ұстаңыз. Одан кейін,
лазер түймешігін
C
басыңыз.
•
Планшет қаламұшы мен қалам арасында ауысу
үшін:
Қаламұштың төменгі бөлігін тартыңыз. Қалаған
бағытпен қайта салыңыз.
Зарядтың ерте таусылуын болдырмау үшін өнім
пайдаланылмаған кезінде батареясын алып қойыңыз.
Содержание PRO PRESENTER
Страница 2: ...2 ...
Страница 3: ...3 15 m max maks макс μέγ ...
Страница 80: ...www esselte com www leitz com LEITZ 2015 2016 20160111 Art Nr 6477 ...