![KRAFT TCH-H250EGL Скачать руководство пользователя страница 36](http://html.mh-extra.com/html/kraft/tch-h250egl/tch-h250egl_user-manual_2000104036.webp)
36
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Сіздің қауіпсіздігіңіз және мұздатқыш ларьді дұрыс пайдалану мақсатында,
қолданар алдында берілген нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сондай-ақ аспап-
ты тасымалдағаннан соң немесе сатқаннан кейін алушы оқу үшін оны сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына алып келуі, пайдаланушыға
материалдық залал немесе денсаулығына зиян келтіруі мүмкін
.
Мұздатқыш ларь тек тұрмыстық жағдайларда немесе төменде көрсетілген
тұрмыстық жағдайларға жақын жағдайларда тамақ өнімдерін салқындатуға және
мұздатуға ғана арналған
:
–
қоғамдық тамақтану орны
;
–
дайын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету
;
–
көтерме және бөлшек саудаға ұқсас жағдайлар
.
БАРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕГІ МҰЗДАТҚЫШ ЛАРЬЛЕРДІ ОРЫНЖАЙДЫ САЛҚЫНДАТУ ҮШІН
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Мұздатқыш ларьді арналуына сай пайдаланбау, орнату, пайдалану, тазалау
қағидаларын және қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температуралық шарт-
тарды сақтамау сізді кепілдіктік қызмет көрсету құқығынан айырады
.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты дұрыс пайдаланбау немесе сақтық
және қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан орын алған қандай да бір
бұзылушылықтар үшін шығарушы жауапкершілік алмайды.
• Аспапты қаптамадан шығара отырып, оның бүтіндігіне және бүлінулердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардан алысқа
қойыңыз. Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
• Аталған аспап дене немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның
ішінде 8 жасқа дейінгі балалардың) пайдалануына, сондай-ақ қауіпсіздігіне
жауапты адамның бақылауынсыз аспапты қолдануға байланысты білімдері
мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына арналмаған. Балалар
аспаптың бөлшектерімен ойнамау керек. Балалар аспапты күту және тазалауды
ересек адамдардың қадағалауынан тыс орындамау қажет.
• Балалардың мұздатқыш ларьді пайдалануы тек ересектердің қадағалауымен
ғана мүмкін болады. Ларь пайдаланылмай тұрған кезде, балалардың оның ішіне
кіріп, есігін тарс жауып, ішінен кілттеніп қалмауын қадағалаңыз.
• Аспапты алғаш рет (және одан соң) қосар алдында, бұзылулардың жоқтығын
және бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтіндігін тексеріп шығыңыз.
• Аспаптың немесе электр қуат беру баусымының қандай да бір бұзылулары болған
кезде, оны элект желісіне қоспаңыз. Тауарды сатып алған дүкенге бұзылулар ту-
ралы хабарлаңыз, сараптама және жөндеу үшін сервистік орталыққа жүгініңіз.
Оны өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырып
тастамаңыз.