KAZ
58
– Ажыратқышты (2) басыңыз да, тұтатқышты
жалын көрінгенше шамамен 2–3 минут ішінде
сол қалпында ұстаңыз.
– Көмір жана бастаған кезде тұтатқышты оттан
20-30 см қашықтыққа ары апарыңыз.
– Ажыратқышты басып тұрыңыз да, тұтатқышты
көмірдегі сол нүктеге одан ары бағыттаңыз.
Алауошақты тұтату
– Ең үлкен ағаш бөренелерін артқы жағына, ал
кішілерін алдыңғы жағына салыңыз.
– Шағын ағаш тақталардың арасына
умаждалған қағазды үлестіріп салыңыз.
– Тұтатқышты қағазға тиіп тұратындай етіп
ұстаңыз да, ажыратқышты (2) басыңыз.
– Қағаз жана бастаған кезде тұтатқышты оттан
шамамен 20–30 см ары əкетіп, шағын ағаш
бөренелер жанғанша тұтатқышты өшірмеңіз.
Тұтатқаннан кейін
– Жұмыс аяқталғаннан кейін желілік ашаны бір-
ден розеткадан суырып, құрылғыны
тіректе (5) суытып алыңыз.
Тазалау
– Құрылғыны аздап суланған шүберекпен
сүртіңіз.
– Құрылғыға ешқашан су бүрікпеңіз немесе
оның су əсерінде қалып қоюына жол бермеңіз.
– Тазалау үшін ешқашан тазартқыш
құралдарды немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Құрылғыға түзетілмейтін
зақым келуі мүмкін. Пластик бөліктерге
химиялық заттар əсер етуі мүмкін.
– Ауа кіріс саңылаулары мен соплодағы
ластанған жəне бітелген жерлерді тазалап
шығыңыз.
Сақтау
– Пайдаланбас бұрын толық суығанша күтіңіз.
– Құрылғыны құрғақ жерде сақтаңыз.
Ақаулықтар жəне оларды жою
Егер бірдеңе жұмыс істемей қалса...
Көп жағдайларда кішігірім ақаулықтар
құрылғының істен шығуына əкеледі. Əдетте
мұндай ақаулықтарды пайдаланушының өзі-ақ
оңай жоя алады. Дилерге хабарласпас бұрын,
төмендегі кестеге жүгініңіз. Осылайша артық күш
жұмсамай, қосымша шығындарға да жол беріл-
мейді.
Ақаулықты өз бетіңізбен жоя алмасаңыз, дилерге
тікелей хабарласыңыз. Тиісті түрде жүргізілмеген
жөндеу жұмысы кепілдігіңіздің күшін жоятынын
жəне қосымша шығындардың пайда болуына
əкелуі мүмкін екенін ескеріңіз. Қосымша
шығындар пайда болады.
Кəдеге жарату
Құрылғыны кəдеге жарату
Айқас сызығы бар қоқыс себетінің белгісі
төмендегіні білдіреді: Батареялар мен
аккумуляторларды, электрлік жəне
электрондық құрылғыларды тұрмыстық
қоқыспен бірге тастауға болмайды. Олардың
құрамында қоршаған орта мен денсаулық үшін
зиянды заттар болуы мүмкін.
Нұсқау:
Көмірдің мөлшеріне жəне сапа-
сына қарай оттың лаулап жануына шама-
мен 5–6 минут кетеді.
ЕСКЕРТУ! Күйіп қалу қаупі бар!
Суыту
кезінде құрылғыны ешкім жарақат алып
қалмайтындай орналастырыңыз.
Құрылғыны орналастыру үшін тіректz (5)
пайдаланыңыз. Құрылғыны тез тұтанғыш
негізге қоюға болмайды.
ҚАУIП! Күйіп қалу қаупі бар!
Кез келген
тазалау жəне техникалық қызмет көрсету
алдында құрылғыны өшіріп, желілік
ашаны розеткадан суырыңыз. Барлық
қозғалмалы бөліктер толық тоқтағанша
жəне құрылғы салқындағанша күтіңіз.
ЕСКЕРТУ! Жарақаттану қаупі бар!
Рұқсат етілмеген тұлғалардың құрылғыға
қатынасу мүмкіндігі жоқ екеніне көз
жеткізіңіз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының
зақымдалу қаупі бар!
Құрылғыны
сыртта сақтауға болмайды.
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі бар!
Құрылғыда қате жолмен орындалған
жөндеу жұмыстары оның бұдан былай
қауіпсіз жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
Жөндеу жұмыстарының тиісті түрде
жүргізілмеуінен өзіңізге жəне
айналаңызға қауіп төнеді.
Ақаулық/істен шығу
Себебі
Ақаулықты жою əдісі
Құрылғы қызбайды.
Желілік кернеу жоқ па?
Кабельді, ашаны, розетканы жəне
сақтандырғышты тексеріңіз.
Жалғағыш кабель бүлінген бе?
Білікті электрші маманға ауыстыруға тапсы-
рыс беріңіз.
Құрылғы бүлінген бе?
Сервистік қызмет көрсетуші серіктеспен
хабарласыңыз.
Құрылғы ауа ағынынсыз
қызады.
Ауа үрлегіштің ақаулығы.
Құрылғыны өшіріңіз. Бұдан былай
пайдаланбаңыз.
Grillanzuender_Elektro_660223.book Seite 58 Donnerstag, 14. November 2019 12:04 12
Содержание 660223
Страница 39: ...RU 39 3 1 2 3 4 5 3 Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 39 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...
Страница 41: ...RU 41 660223 230 50 2000 II Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 41 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...
Страница 57: ...KAZ 57 3 1 2 3 4 5 3 3 1 I I I Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 57 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...
Страница 59: ...KAZ 59 660223 230 50 2000 II Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 59 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...
Страница 60: ...60 RU 1 2 24 3 Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 60 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...
Страница 61: ...61 4 20 13109 97 Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 61 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...
Страница 66: ...66 Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 66 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...
Страница 67: ...67 Grillanzuender_Elektro_660223 book Seite 67 Donnerstag 14 November 2019 12 04 12...