![IVT GHT-25 Скачать руководство пользователя страница 40](http://html1.mh-extra.com/html/ivt/ght-25/ght-25_owners-manual_2097881040.webp)
40
KZ
Нұсқаулық
араласқан қоспа мөлшерлерін анықтап алған дұрыс.
∙
Қалыпты бензиннің (этилдендірілген немесе
этилдендірілмеген, спиртсіз) қажет мөлшерін
және екітактілі қозғалтқышқа арналған майды
араластыратын сыйымды жерге құйыңыз, содан
кейін контейнерді жақсылап сілкіп, араластырып
алыңыз.
ҚОСПА
ҚҰРЫЛЫМЫНА
СӘЙКЕС
КЕҢЕС
НҰСҚАУЛЫҒЫ
БЕНЗИН : МАЙ > 40 : 1
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешуақытта төрттактілі
қозғалтқышқа арналған майды немесе сумен
суытылған екітактілі қозғалтқышқа арналған
майды қолданбаңыз!
Маймен толтыру
1. Маймен
толтырмас
бұрын,
әрқашан
қозғалтқышты тоқтатып алып, бірнеше минут
шамасында суытылуына жағдай жасаңыз.
2. Машинаны жанармай багының тығынын (5)
жоғары бағытта ұстап, жерге қойыңыз.
3. Артық қысымды бірқалыпты жоғалту үшін
жанармай багының тығынын (5) асықпай ашыңыз.
4. Жанармай багының тығынының (5) айналасын
тазалаңыз: май багының ластануы (4) пайдалануға
қиын соқтыруы мүмкін.
5. Бакты толтырмас (4) бұрын контейнерді шайқап,
жанармайдың жақсы араласуына мүмкіндік беріңіз.
6. Бакты бензин мен майдың дұрыс мөлшеріндегі
қоспамен толтырыңыз. Бакты шамадан тыс
толтырмаңыз.
7. Жанармай багының тығынын (5) мықтап бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер машина ұзақ уақыт
бойы (4 аптадан көп) пайдаланылмай қалған
болса, жанармай багын босатып, тазалау қажет.
САҚ
БОЛЫҢЫЗ!
Төгілген
жанармайды құрғақтай етіп сүртіңіз,
іске қоспас бұрын, машинаны
әрдайым толтыру орнынан ұстап,
жылжытыңыз (3 метрден кем емес).
ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ /
ТОҚТАТУ [F3]
Қозғалтқышты іске қосу
1. Машинаны тегіс жазықтықтағы бетіне қойыңыз.
2. Екіпозициялы айырып-қосқышты (6) «іске қосу»
«І» күйіне қойыңыз.
3. Дроссельдеу тетігін (10) жабық күйге келтіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: ЖАБЫҚ (CLOSED ) күйдегі жанармай
қоспасы салқын қозғалтқыштың іске қосылуына
жағдай жасайды. Ыстық қозғалтқыштың қайта іске
қосылуына мүмкіндік беру үшін дроссельдеу тетігін
АШЫҚ (OPEN ) күйінде қалдырыңыз.
4. Сұйыққойма толмайынша, жанармай сорғысын
(11) (егер ол бар болса) бірнеше рет басыңыз (ыстық
қозғалтқышты іске қосу үшін жанармай сорғысын
басудың қажеті жоқ).
5. Дроссельдеу жапқышының тетігі (7) іске қосылған
күйінде тұруы тиіс. Ол үшін: басқару тұтқасын ұстап,
дроссельдеу жапқышының бекіткіш батырмасын (7)
басып ұстап, ал дроссельдеу жапқышының тетігін (7)
жіберіп тұрып, дроссельдеу жапқышының кішкене
тетігін (9) басыңыз (егер болса).
6. Машинаны жерде сол қолыңызбен ұстаңыз.
(ЕСКЕРТПЕ! Аяғыңызбен тіреп тұрмаңыз!).
7. Қол стартерінің тұтқасын ұстап, қарама-қарсы
күшті сезінбейінше, оң қолыңызбен тоқ сымды
жайлап шығарыңыз, содан кейін жылдам бар
күшіңізбен сымды тартып алыңыз. (ЕСКЕРТПЕ!
Қол стартерінің сымын (6) ешқашан қолыңызға
орамаңыз! ).
8. Қозғалтқыш іске қосылмайынша, қол стартерінің
сымын (3) қайта-қайта тарта беріңіз.
9. Қозғалтқыш іске қосылғанда, жайлап қана
дроссельдеу тетігін (10) ТЕК БІР ЖАҒДАЙДА, ол
салқын қозғалтқышта ЖАБЫҚ күйінде тұрғанда ғана.
10. Қозғалтқыштың бірнеше минут бойы қызып
тұруына мүмкіндік беріңіз. Қозғалтқыш толық қызып
болған соң, бос жүрісте жақсы жұмыс жасау үшін,
дроссельдеу жапқышының реттеуші батырмасын
(8) босату үшін дроссельдеу жапқышының тетігін (7)
басып, жіберіңіз.
ЕСКЕРТУ: іске қосылу кезінде дроссельдеу
жапқышының реттеуші батырмасы (8) дроссельдеу
жапқышының тетігін (7) бос жүрістің жоғары
айналымында ұстап тұруы үшін қолданылады.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Дроссельдеу
жапқышының діріл батырмасын (8) басылып
тұрғанда, қозғалтқыш іске қосылғанда кесуші
құрылғы қандай да бір кедергілерге тап болуына
жол бермеңіз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал жұмыс істеп тұрған
кезде жанармай беруді реттеу басқышын (8)
қолданбаңыз! Машина бос жүріс режиміне
оралмайды, ал кесетін жүз (18) жанармай
беруді реттеу басқышы (8) сығылып, жанармай
беру тетігі (7) бейтарап күйге келтірілмейінше
айналып тұра береді.
Қозғалтқышты тоқтату
1. Дроссельдеу жапқышы тетігінің (7) күйін аз
жылдамдықта қойып, қозғалтқыш айналымын
тоқтатыңыз.
Содержание GHT-25
Страница 4: ...4 6 18 19 12 13 1 22 26 23 24 25 2 3 4 5 7 9 GHT 25 ...
Страница 5: ...5 45 90 45 90 3 13 13 8 9 7 6 18 2 19 10 11 F1 F3 F2 F4 ...
Страница 6: ...6 0 6 0 7 mm 0 10 21 17 20 18 16 14 F5 F6 F7 F8 F9 F11 F10 F12 ...
Страница 7: ...7 ...
Страница 62: ......
Страница 63: ......