
30
KZ
Нұсқаулық
ҚОРАПСЫЗДАНДЫРУ
Қаптан алу кезінде барлық бөлшектердің түгел
екендігіне көз жеткізіңіз. Соңғы беттегі жинақтау
сызбасын қараңыз. Қандай да болмасын бөлшектер
бомаған жағдайда немесе ақаулы болған жағдайда
IVT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
ҚОЛДАНУДЫ БАСТАУ
Қоректендіргіш кернеуінің мәні құралдың құжаттық
мәліметтерінде көрсетілген төлқұжаттық деректерге
сай болу керек.
ҚОСАЛҚЫ САП (3)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жөндемей
тұрып қашанда балғаның қуат
көзінің айырын ажыратыңыз.
Қосалқы саптың бекіткіші (3)
Кен балғасымен жұмыс істегенде қауіпсіздік
мақсатында қашанда қосалқы сапты (3) қолданыңыз.
Қосалқы сап (3) жұмыс кезінде көбірек тұрақтылыққа
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қосалқы сапты (3) кез келген қажетті жағдайда
орнатуға болады:
1. Қосалқы саптың бұрандасын босатыңыз (4)
[F1]
.
2. Қосалқы сапты (3) жұмыс үшін барынша ыңғайлы
жағдайға бұрыңыз.
3. Бұранданы қайта тартыңыз (4).
ҚАШАУДЫ АУЫСТЫРУ
Қашауды орнату [F2]
1. Орнату алдында қашауды сүртіп, құралдың
білігіне қою майды жұқа қабат етіп жағыңыз.
2. Тоқтатқыш болтты (5) барынша ары тартып, оны
180° бұрып, қайта жіберіңіз.
3. Қашауды патронға салып (6), оны ішке барынша
ары итеріп жіберіңіз.
4. Тоқтатқыш болтты тағы созып (5), оны 180° кері
жаққа айналдырып, қайта жіберіңіз.
5. Қашауды тартып шығару арқылы құлыптың
сенімділігін тексеріңіз.
Қашауды шығару
∙
Қашауды шығару үшін жоғарыда көрсетілген
операцияларды керісінше орындаңыз.
ҚОСУ / СӨНДІРУ [F3]
Балғаны қоспай тұрып, шоғырсым/металл
іздегіштің көмегімен бұзылатын объектінің
орнында жасырынған қуат шоғырсымдарының,
сонымен қатар газ немесе су құбырларының
бар-жоғын тексеріңіз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Қауіптің
алдын алу үшін балғаны тек негізгі
(1) және қосалқы (3) саптамасынан
ұстау қажет. Кері жағдайда қуат
шоғырсымына балғамен соққан
жағдайда, электр тогы ұруы мүмкін.
Қосу
ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырып-қосқышын басып, оны
басылған күйде бекітіп қойыңыз. (2)
Сөндіру
ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырып-қосқышын (2) басылған
күйден шығарыңыз.
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қашаумен
жұмыс жасау үшін объектінің үстіне
шамалы басу қажет. Қашаумен артық
басу мотордың қажетсіз шамадан
тыс жұмыс істеуіне соқтырады.
Қашауды қайрау
Егер қашау қайралған болса ғана жұмыста жақсы
нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан, қашау
ұзақ әрі тиімді жұмыс істеу үшін оны уақытында
қайрап тұру қажет.
Қашауды жиі тексеріп тұрыңыз. Мұқалған құралды
қайраңыз немесе ауыстырыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ!
Құралмен
жұмысты бастау алдында желілік
ашаны алып тасатыңыз.
∙
Құралды және желдеткіш саңылауларын (егер
болса) тазалықта ұстаңыз. Үнемі тазарту және
қызмет көрсету құралдың жоғары тиімділігін және
ұзақ уақыт қолданылуын кепілдейді.
∙
Өндіріс пен сынаудың мінсіз шарттарына
қарамастан, істен шыққан жағдайда, жөндеу жұмыстары
IVT ресми орталықтарында жүргізілуі керек.
Содержание DBRK-1300
Страница 6: ...6 5 3 2 4 1 6 7 DBRK 1300 ...
Страница 7: ...7 F1 F3 F4 F2 3 4 6 5 180 2 7 8 ...