KAZ
16
Алғаш пайдаланар алдында
•
Құралды пайдаланбас бұрын барлық қаптама материалдарын алып
тастаңыз.
Құралды пайдалану
•
Шашыңызды жуып болғаннан кейін орамалмен мұқият құрғатыңыз,
тараңыз.
•
Фенді тек құрғақ қолыңызбен ұстаңыз.
•
Құралды пайдалану барысында электр сымды толығымен жазып алу
қажет (сым оралып қалмауы керек).
•
Айырды жерге қосылған розеткаға салыңыз.
•
(5), (6) ауыстырып-қосқышын өзіңізге қажет температурамен және ауа
толқынымен қамтамасыз ететін қалыпқа қойыңыз.
•
Кептіру барысында фенді басыңыздан 10-15 см қашықтықта ұстаңыз.
•
Шашыңызды кептіргеннен соң қуаттылық ауыстырып-қосқышын (5) «0»
(сөндіру) қалпына қойып, айырды розеткадан суырыңыз.
Концентратор (1)
•
Ауа толқынын қалаған шаш аумағына бағыттау үшін пайдаланылады.
•
Концентраторды құралға бекіту үшін, оны тетікке кіргізіп, бекітілгенше
басу керек.
Салқын ауа толқыны (4)
•
Егер Сіз шашыңызды қылшақтың көмегімен қалыпқа келтірмекші
болсаңыз, алдымен ыстық ауа толқынынан бастаңыз. Шашты бұйралай
орап алып, оны 15-20 секунд бойы қалыпқа келтіріп, бекітіңіз.
•
Салқын ауаны жіберу үшін «салқын ауа» (4) тетігін басыңыз. Шашты қалыпқа
келтіруді концентратордың көмегімен тиімдірек іске асыруға болады.
•
Салқын ауа қызуды біршама төмендетіп, бұйралана қалыпқа
келтірілген шашты тез суытуға мүмкіндік береді.
Температура мен қуаттылық ауыстырып-қосқышының
көрсеткіштері (5)
0 - жеңіл кептіруге арналған төменгі температура (B I)
1 - күтіммен кептіріп, түзетуге арналған орташа температура (B II)
2 - жылдам кептіруге арналған жоғары температура (B III)
Қызып кетуге қарсы сақтандырғыш
Фенді пайдалану барысында ауаны айдату және беру саңлауларының
жабылып қалмауын бақылап отырыңыз. Бұл жағдай орын алғанда, қызып