
104
it
104
kz
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған
Hotpoint Ariston ұсынатын құрылғының
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғының қолданыс мерзімін ұзартады
және оның сынып қалу қаупін азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере
отырып жасалған. Өнімдер сапа, экология
және
қолдану
қауіпсіздігі
бойынша
Еуропалық жоғары стандарттарды қатаң
сақтай отырып Италияда жасалған. Толық
ақпаратты www.hotpoint-ariston.ru
веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден
сұраңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін
шебер мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби
дайындығы мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет
көрсету желілерін қалыптастырдық.
Ақау пайда болған жағдайда
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында,
ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз
(“Ақаулықтар және оларды түзету жолдары”
тарауын қараңыз).
Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында
көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға
болады.
! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына
ғана хабарласуды ұсынамыз
! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде
фирмалық бөлшектерді ғана қолдануын талап
етіңіз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласар
алдында келесі мәліметтерді беруге дайын
екеніңізді тексеріп алыңыз:
• Ақаулық түрін сипаттау;
• Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету
кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.);
• Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе
кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының
моделі және сериялық нөмірі (S/N);
• Құрылғының сатылған ай-күні
Басқа пайдалы ақпарат пен жаңалықтарды
www.hotpointariston.ru веб-сайтының «Қызмет
көрсету» тарауынан көре аласыз.
Люкс паркет щеткасы (P)
Люкс паркет щеткасы (6) нәзік және паркетпен
қапталған едендерді тазалауға аса қолайлы.
Щетка өте шаңсорғыштың сору күшімен
басқарылатын нәзік айналмалы қылдармен және
нәзік едендерді қорғайтын жұмсақ дөңгелектермен
жабдықталған. Бұл щетканың тазалау өнімділігі
Hotpoint-Ariston стандартты/кілем щеткасымен
салыстырғанда 30 %-ға артық (сынақ IEC 60312
стандартына сәйкес жасалған). Люкс паркет
щеткасының пластмассалық бөліктерін тазалау
үшін щетканы металдан жасалған ұзарту түтігінен
(8) ажыратып, құрғақ немесе сәл дымқыл жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз. Айналмалы қылдарды
тазалау үшін қауіпсіздік құлпын орнына бұрып,
шешіп алыңыз. Одан кейін айналмалы щетканы
бөлшектеп, тазалауға кірісіңіз. Байланып қалған
шаштар мен жіптерді қайшымен кесіп алыңыз,
бірақ щетканың қылдарын зақымдап алмаңыз.
Қаптағыш щеткасы (Q)
Қаптағыш щеткасы (5) диван, матрас, көрпе,
жастық, т.б. заттарды тазалауға қолайлы. Ол
шаңсорғыштың сору күші басқаратын айналмалы
қылдармен жабдықталған, олар болса терең
тазалауға және маталардан жүн, шаш немесе
кенелерді кетіруге мүмкіндік береді. Оған қоса,
қорғайтын тор қылдардың тазаланатын бетке
тиюіне жол бермей, маталарды нәзік түрде өңдеуді
қамтамасыз етеді.
Жіңішке ұш (R)
Қосымша бөліктегі (28) жіңішке ұш бұрыштарды,
қисық жерлерді және тазалануы қиын басқа
жерлерді тазалауға көмектеседі.
Нәзік беттерге арналған ұш (S)
Қосымша бөліктегі (28) нәзік беттерге арналған
ұш батарея, жиһаз, т.б. сияқты арнайы күтім қажет
ететін беттерді тазалауға қолайлы. Оның арнайы
табиғи қылдар оны өте нәзік беттерді зақымдамай
тазалауға мүмкіндік береді.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және
сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға
тырысамыз.
Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға
мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп
отыруға тырысамыз.