60
kz
ТӘТТІ ҚАЙМАҚ
ШАНТИЛЬИ КРЕМІ ҚОСЫЛҒАН ШОКОЛАД
150 г қара шоколад, 40 г қант, жұмыртқа ликері, 3 дл өте салқын балғын қаймақ.
Шантильи кремі қосылған шоколад үшін. Барлық ингредиенттер мен қолданылатын
құралдарды кемінде екі сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Кремді миксер тегешіне салып,
оны бұлғау үшін сым бұлғауышты қолданыңыз. Қатая бастаған кезде қант, 1 кіші стақан ликер
және пышақпен текшелерге туралған шоколад қосыңыз. Крем қатқанша бұлғаңыз.
НЕГІЗГІ ҚОСПАЛАР
ЖҰМЫРТҚА ПАСТАСЫ
400 г ұн, 4 жұмыртқа.
Ұнды миксер тегешіне салып, ілмекті орнатыңыз. Жұмыртқаларды жарып, ұнға салыңыз
да, миксерді орташа жылдамдықпен қосыңыз. Бірнеше минут араластырыңыз. Домалақтап,
үлдірмен жабыңыз. Бөлме температурасында 30 минутқа қойып қойыңыз. 8 бөлікке кесіп,
қолдарыңызбен тегістеңіз және бір-бірден паста оқтауынан (қосымша құрал) өткізіңіз.
ҮЙДЕ ЖАСАЛҒАН НАН
1 бөлке нан үшін: 500 г ұн (кондитерлік ұн немесе кез келген басқа түрі, еленбеген ұн немесе
ақ үн), 20 г ашытқы, 10 г тұз, бір шоқым қант, су.
Ашытқыны миксер тегешіне құйылған жылы суда жылытып, 2 қасық ұн мен 1 шоқым қантпен
араластырыңыз. Үстін жауып, 20 минутқа жылы жерге қойып қойыңыз. Көтерілген қамырға
еленген ұн, 10 г тұз және жұмсақ, иілімді қамыр алуға жететін су қосып, аластырыңыз. Қамырды
ұн салынған тегешке қойып, бетін айқас сызып, үстіне ұн себіңіз. Тегешті шүберекпен жауып,
көлемі екі есе өскенше қойып қойыңыз. Қамырды жылдам илеп, қажетті пішінге келтіріңіз.
Содержание KM 040 EU
Страница 2: ...8 7 6 5 4 2 1 Off 10 9 1 2 1 3 5 6 7 8 8 1 8 2 7 1 7 2 7 3 2 4 1 1 2 1 KM 040 EU ...
Страница 3: ...A B C ...
Страница 4: ...D ...