![Hilti UD 4 Скачать руководство пользователя страница 66](http://html1.mh-extra.com/html/hilti/ud-4/ud-4_original-operating-instructions_2135514066.webp)
62
Қазақ
2180561
*2180561*
Оған қоса, өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімді
Hilti Store
дүкенінде немесе келесі веб-сайтта
табуға болады:
www.hilti.group
| АҚШ:
www.hilti.com
4
Техникалық сипаттамалар
4.1
Дрель
Номиналды кернеу, номиналды ток, жиілік және номиналды тұтынылатын қуат туралы ақпарат
елге тән фирмалық тақтайшада берілген.
Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат аспаптың фирмалық
тақтайшасында көрсетілген қуаттан екі есе жоғары болуы керек. Трансформатор немесе генератордың
жұмыс кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын қуатының +5 % және -15 % аралығында
болуы керек.
UD 4
Салмағы
1,4 кг
Қорғау класы
II
4.1.1 EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық
шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет
көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
UD 4
Дыбыс күшінің деңгейі
96,5 дБ
Дыбыс қысымының деңгейі
85,5 дБ
Дәлсіздік
5 дБ
Діріл туралы ақпарат
UD 4
Бұрғылау (a
сағ
)
4 м/с²
Дәлсіздік (K)
1,5 м/с²
4.1.2 Ұзартқыш кабельді қолдану
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар!
Егер жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалса,
оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
▶
Электрлік құралдың байланыс кабелі зақымдалған жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат
етілген кабельге ауыстыру керек. Оған клиенттерге қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге
болады.
• Тек жұмыс аймағы үшін рұқсат етілген, көлденең қимасы жеткілікті ұзартқыш кабельдерді
қолданыңыз. Өзге жағдайда аспапта қуаттың жоғалуы және кабель қызып кетуі мүмкін.
• Ұзартқыш кабельде зақымдардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
• Зақымдалған ұзартқыш кабельді ауыстыру керек.
• Ашық ауада жұмыс істегенде тек пайдалануға рұқсат етілген, сәйкес белгілеуі бар ұзартқыш
кабельдерді қолданыңыз.
Printed: 25.06.2019 | Doc-Nr: PUB / 5367014 / 000 / 06