
162
Қазақ
2276671
*2276671*
▶
Тік бұрышта орындалмайтын «батырма кесіктерде» тірек тақтасын бүйірлік жылжуға қарсы
бекітіңіз.
Жа жалжу ара полотносының қысылуына, сонымен кері соғуға алып келуі мүмкін.
▶
Алдын ала аралау төсемін қорғау қақпағымен жаппай тұрып араны верстакқа немесе еденге
қоймаңыз.
Қорғалмаған аралау төсемі шыққан кезде араны кесу бағытына қарсы қозғалтады және
жолында тұрғанның барлығын аралайды. Бұл кезде араның шығу ұзақтығын ескеріңіз.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶
Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶
Электр құралын тек сәйкес қорғаныс құралдарымен бірге қолданыңыз.
▶
Электр құралы шаңсорғышсыз пайдаланылған жағдайда, шаң пайда болатын жұмыстар өткізген
кезде әрдайым жеңіл респираторды киіп жүріңіз.
▶
Электр құралын әрдайым екі қолмен арнайы тұтқыштарынан берік ұстаңыз.
▶
Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶
Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін үзілістер
жасаңыз.
▶
Электр құралын әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶
Электр құралын тек жұмыс орнында және ол жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
▶
Электр құралында мәселелер туындаған, алмалы-салмалы аспаптарды немесе керек-жарақтарды
алмастырған жағдайда және электр құралын сақтаған және тасымалдаған кезде аккумуляторды
шығарыңыз.
▶
Электр құралымен бас үстінен жұмыс істемеңіз.
▶
Электр құралын ара төсеміне бүйірден басу арқылы тоқтатуға тыйым салынады.
▶
Аккумуляторларды орнату алдында араның өшірулі болғанына және іске қосу құлпының іске
қосылғанына көз жеткізіңіз. Осылайша электр құралының кенет іске қосылуынан жарақат алудың
алдын аласыз.
▶
Электр құралы жұмыс істеп тұрғанда, қыспа фланецке және қыспа бұрандаға тимеңіз.
▶
Электр құралын сақтауға қоймас бұрын электр құралы толықтай тоқтағанша күтіңіз.
▶
Алмалы-салмалы аспапты алмастыру алдында электр құралы суығанша күтіңіз.
▶
Ара төсемі айналып жатқанда, ешқашан шпиндельді бұғаттау түймесін баспаңыз.
▶
Электр құралын адамдарға бағыттамаңыз.
▶
Керек-жарақтарды немесе аккумуляторларды алмастырған жағдайда, тасымалдау кезінде немесе
электр құралын сақтауға қою қажет болғанда, іске қосу құлпы әрдайым іске қосулы болуы тиіс.
▶
Әрдайым дайындаманың материалы мен құрамы үшін жарамды ара төсемін қолданыңыз.
▶
Ара төсеміндегі және өңделетін материалдағы беріліс күшін бейімдеңіз. Осылайша ара төсемінің
бұғатталуына және ықтимал кері соққының пайда болуына жол бермейсіз.
▶
Металл жоңқа үшкір болып табылады және жарақат алуға әкелуі мүмкін. Қолғапқа, аяқ киіміне
немесе киімнің басқа заттарына жоңқа түсуін болдырмау үшін киіміңізді түймелеңіз.
▶
Жұмыс кезінде металл жоңқа қайда ұшып шығатынын қадағалаңыз. Жоңқа ыстық болып табылады
және өртке, күйіп қалуға және кесіліп қалуға әкелуі мүмкін.
▶
Ара тістері ұштарының қызып кетуіне жол бермеңіз.
▶
Алмалы-салмалы аспапта көрсетілген шекті айналу жиілігі электр құралда көрсетілген ең көп айналу
жиілігінен азырақ болмауы керек. Рұқсат етілгеннен көбірек жиілікпен айналатын алмалы-салмалы
аспап бұзылуы мүмкін.
▶
Шаң қатты басқан ортада жұмыс істемеңіз.
▶
Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін. Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар. Пайдаланушы мен оның
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶
Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶
Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶
Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶
Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
Содержание SC 5ML-22
Страница 2: ...1 ...
Страница 3: ...2 3 4 5 ...
Страница 4: ...6 7 8 ...
Страница 6: ......
Страница 301: ......
Страница 302: ......
Страница 303: ......
Страница 304: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20220111 2276671 2276671 ...