Байланыстырушы заты синтетикалық шайырдан тұратын және талқыш қосылған кесетін дөңгелектерді және
дөрекі тегістеу дискілерін қолданыңыз. Олардың тік жылдамдығы 80 м/с аспауы керек, сонымен бірге, рұқсат
етілген шеңбер бойынша жылдамдығы 80 м/с алмас кесетін дөңгелектерді қолдануға болады.
Аспап тек құрғақ тегістеу мен кесуге арналған.
Құрамында асбест бар материалдарда тесіктерді бұрғылауға болмайды.
Сіздің еліңізде қабылданған қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаңыз.
Қызметкерлердің жарақат алуын және аспаптың зақымдалуын болдырмау үшін тек түпнұсқа Hilti компаниясы
шығарған саймандарды және құралдарды қолданыңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген аспапты пайдалану, күту және техникалық қызмет көрсету
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Аспап кәсіби қолдануға арналған, сондықтан оған тек уәкілетті қызметкерлер қызмет көрсете және жөндей
алады. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Аспапты басқа мақсатта
қолдану және оны оқытылмаған қызметкерлердің пайдалануы қауіп тудырады.
Аспаптың конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
Қоршаған орта жағдайларын ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
2.2 Айырып-қосқыш
Сөндіргіш
2.3 Картон орауыштағы жеткізу жинағына мыналар кіреді:
1 Аспап
1 Қорғауыш қаптама
1 Жиналған бүйірлік тұтқыш
1 Қыспа фланец
1 Қыспа гайка
1 Кілт
1 Пайдалану бойынша нұсқаулық
1 Картон қорап
2.4 Ұзартқыш кабельді қолдану
Тек осы пайдалану саласына сай, қимасы жеткілікті ұзартқыш кабельдерді қолданыңыз. Әйтпесе аспап қуаты
жоғалуы және кабель қызып кетуі мүмкін. Тұрақты түрде кабель зақымдалмаған ба, соны тексеріңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабельдерді дереу ауыстырыңыз.
Төменде ұзартқыш кабельдердің ұсынылған қималары және ұзындықтары көрсетілген:
Сымның қимасы
1,5 мм²
2,0 мм²
2,5 мм²
3,5 мм²
Желідегі кернеу 100 В
30 м
50 м
Желідегі кернеу 110 - 120
В
20 м
30 м
40 м
50 м
Желідегі кернеу 220 - 240
В
75 м
100 м
Қимасы 1,25 мм² ұзартқыш кабельдерді қолдануға тыйым салынады.
2.5 Ұзартқыш кабельді бөлмелерден тыс пайдалану
Ашық ауада жұмыс істегенде тек пайдалануға рұқсат етілген, сәйкес белгілеуі бар ұзартқыш кабельдерді
қолданыңыз.
2.6 Генераторды немесе трансформаторды қолдану
Келесі талаптарды сақтағанда аспап генератордан немесе трансформатордан қуат ала алады: электр қамтуы
көзінің шығыс қуаты (Вт) аспаптың зауыттық кестесінде көрсетілгеннен ең азы екі есе үлкен; жұмыс кернеуі
номиналды кернеуден +5 % пен –15 % арасында орналасқан; ток жиілігі 50-60 Гц болуы керек, ешбір жағдайда
65 Гц-тен көп болмауы керек, сонымен бірге, іске қосу күшейткіші бар автоматты кернеу стабилизаторы бар.
Генераторды/трансформаторды бір уақытта басқа құрылғыларға қуат беру үшін қолдануға тыйым салынады.
Басқа құрылғыларды қосу/өшіру кезінде кернеудің кенет өзгерулері пайда болып, аспапты зақымдауы мүмкін.
kk
119
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02