
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
•
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене,
сезім не ақыл-ой қабілеттері шектеулі не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына
болады. 8 жасқа толмаған балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан
алыс ұстау керек.
•
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау
керек.
•
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
•
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
•
Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің
және сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының
үстіне орналастырып қолдануға арналған.
•
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
•
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Алмалы бөлшектерді пісіру
құрылғыларымен бірге пайдаланғанда ысып кетуі
мүмкін.
•
Құрылғымен бірге жеткізілген бекіту бұрандаларын
ғана қолданыңыз, егер жеткізілмесе, орнату
нұсқауларында ұсынылған бұрандаларды
пайдаланыңыз. Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге орнатыңыз.
www.electrolux.com
140