
135
Қазақ тілі
Кері тебу және қатысты ескертулер
Кері тебу - қысылған немесе тұрып қалған
айналатын дөңгелекке, табан дискіне, щеткаға
немесе кез келген басқа құралға көрсетілетін кенет
реакция. Қысылу немесе тұрып қалу айналатын
қосалқы құралдың тез тоқтауына әкеледі, бұл
өз кезегінде басқарылмайтын электр құралдың
тұрып қалу нүктесінде қосалқы құралдың айналу
бағытына қарама-қарсы жаққа қозғалуына әкеледі.
Мысалы, абразивтік дөңгелек дайындамада
тұрып қалса немесе қысылса, қысылу нүктесіне
кіріп тұрған дөңгелек жиегі материалдың бетіне
кіріп, дөңгелектің шығып кетуіне немесе кері
тебуіне әкелуі мүмкін. Қысылу нүктесіндегі
дөңгелек қозғалысының бағытына байланысты
дөңгелек операторға қарай немесе одан ары
секіруі мүмкін. Сондай-ақ абразивтік дөңгелектер
бұл жағдайларда сынуы мүмкін.
Кері тебу электр құралды дұрыс емес
пайдаланудың және / немесе дұрыс емес пайдалану
процедуларының
немесе
жағдайларының
нәтижесі болып табылады және оны төменде
берілген тиісті сақтық шараларын қолдану
арқылы болдырмауға болады.
•
Электр құралды қатты ұстап тұрыңыз
және денеңіз бен қолыңызды кері тебу
күштеріне
қарсы
тұра
алатындай
орналастырыңыз. Іске қосу кезінде кері тебу
немесе айналу моменті реакциясын барынша
басқару үшін қамтамасыз етілген болса,
әрқашан қосымша тұтқаны пайдаланыңыз.
Тиісті сақтық шаралары қолданылған болса,
оператор айналдыру моменті реакцияларын
немесе кері тебу күштерін басқара алады.
•
Қолыңызды айналып жатқан қосалқы
құралдың жанына ешқашан қоймаңыз.
Қосалқы құрал қолыңызға кері тебуі мүмкін.
•
Денеңізді кері тебу орын алса, электр
құрал баратын аумаққа орналастырмаңыз.
Кері тебу құралды тұрып қалу нүктесіндегі
дөңгелек қозғалысына қарама-қарсы бағытта
итереді.
•
Бұрыштарда, үшкір жиектермен, т.б.
жұмыс істегенде ерекше сақ болыңыз.
Қосалқы құралдың секіріп кетуін және
тұрып қалуын болдырмаңыз.
Бұрыштар,
үшкір жиектер немесе секіріп кету айналып
жатқан қосалқы құралдың тұрып қалуына және
басқарудың жоғалуына немесе кері тебуге
әкелуі мүмкін.
•
Шынжырлы араның ағашқа ою салу жүзін
немесе тісті ара жүзін жалғамаңзы.
Мұндай
жүздер кері тебуге және басқарудың жоғалуына
жиі әкеледі.
•
Электр құралды пайдалану кезіндегі
қауіпсіздік туралы нұсқаулар
Өлшемі тым үлкен егеуқұм диск қағазын
пайдаланбаңыз. Егеуқұм қағазын таңдау
кезінде
өндірушілердің
ұсыныстарын
орындаңыз.
Егеуқұммен тегістеу төсемесінен
шығып тұратын үлкенірек егеуқұм қағазы
жыртылу қаупін тудырады және тұрып қалуды,
дискінің сынуын немесе кері тебуін тудыруы
мүмкін.
Айналмалы құммен өңдегіштер тек әр
түрлі материалдарды құрғақ құммен
өңдеуге арналған. Сұйықтықтардың
түрлерін пайдалануға қатаң тыйым
салынады - бұл құралды қысқа тұйықтайды
және кепілдік күшін жояды.
• Іске қосқанда электр қозғалтқышы тоқтап
қалмасын.
• Берік бекіту үшін тым жеңіл шағын
дайындамаларды құммен өңдегенде әрқашан
қысқыш құралдарды пайдаланыңыз.
• Ешқашан асбест қосылған бұйыммен жұмыс
жасамаңыз. Асбест канцерогенді зат болып
саналады.
• Жұмыс кезінде қуат көзі жаңылғанда,
машинаның кенеттен қосылуын болдырмау үшін,
құрал-сайманды бірден ажыратыңыз.
• Жұмыс кезінде (әсіресе көзден жоғары деңгейде
жұмыс жасаған кезде), әрдайым қорғаныс көзілдірік
пен масканы қолданыңыз. Жұмыс кезінде пайда
болатын шаң көздің былжыр қабығы мен тыныс
алу жүйесін тітіркендіреді, сөйтіп шаңның еніп
кетуі денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру
мүмкін.
• Жұмыс кезінде пайда болатын шаң денсаулық
үшін зиянды жеңіл оталғыш не болмаса жарылғыш
заттек болуы мүмкін, сондықтан жұмыс бетінің
уақтылы тазартылуын жүргізу, сондай-ақ жеке
қорғану құралдарын қолдану керек. Әрдайым
шаңды тазарту/жинау бойынша құрылғыларды
қолданыңыз (арнаулы шаңсорғыштар, шаң-
тозаңдық қаптар).
• Шаңды жинауға арналған құрылғыны тазарту
кезінде, айрықша сақтық сақтаған жөн. Ешқашан
шаңды ашық отқа тастамаңыз.
• Кейбір материалдарды (қорғасын қосылған
пигменттер бар бояулар, күшала немесе хром
қоспалары, т.б. сіңдірілген ағаш) канцерогендік
немесе уытты шаңдар пайда болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда келесі сақтық шараларын
қолдану керек:
• жұмыс кезінде қатысатын барлық адамдар
қалың материалдан жасалған қорғаныс киімді,
сондай-ақ қорғаныс шаң маскасын кию керек
(белгілі бір заттектің зиян келтіретін әсерінен
қорғану құралы ретінде әзірленген);
• жұмыс орны шаң коллекторларын сияқты,
шаңнан тазарту құрылғыларын (арнаулы
шаңсорғыштар) да қолдана отырып, жақсы
желдетілген болу тиіс;
• Жұмыс аяқталғаннан кейін, жұмыс орынды
тазарту жоғарыда ескертілген жеке қорғану
құралдарын қолданатын адамдармен жүзеге
асырылады.
Ескерту: егеуқұммен өңдеу, кесу,
аралау, тегістеу, бұрғылау және басқа
құрылғыс саласының әрекеттері
тудырған шаңда бар химиялық заттар
қатерлі ісікке, туа біткен жеткіліксіздікке
әкелуі немесе бала табу қабілетіне зиян
тигізуі мүмкін.
Кейбір химиялық заттардың
иондары:
• Құралда кез келген жөндеу және ауыстыру
жұмысын өткізу алдында ашаны суыру керек.
• Мөлдір екі кремний оксиді және қабырғалар мен
цементтегі басқа құрылыс өнімдері; химиялық
Autogoods “130”
130.com.ua
Содержание EX03-125 D
Страница 2: ...Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 6: ...5 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 7: ...6 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 8: ...7 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 141: ...140 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 142: ...141 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 143: ...142 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 144: ...143 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 145: ...144 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 146: ...145 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 147: ...146 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 148: ...147 Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...
Страница 149: ...Autogoods 130 1 3 0 c o m u a ...