172
немесе есірткі, ішімдік немесе дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз,
электр құралын пайдаланбаңыз.
Электр құралдарын пайдаланған кезде
алаңғасарлық салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b.
Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Әрқашан көзді қорғау
бұйымын киіңіз.
Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы
аяқ-киім, каска немесе есту мүшесін қорғайтын бұйым сияқты қорғаныс
жабдығын тиісті жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі
азаяды.
c.
Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Электр
құралдарын тасымалдауда қоректендіру көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Электр құралдарын қосқышынан ұстап тасымалдау немесе
қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы
мүмкін.
d.
Электр құралын іске қоспас бұрын оны реттеу үшін пайдаланған
барлық құралдар мен кілттерді алып тастаңыз.
Электр құралының
айналатын бөлігіндегі құралдар мен кілттер дене жарақатына себеп
болуы мүмкін.
e.
Жұмыс кезінде электр құралын қатты тартпаңыз. Тұрақты қалыпта
тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз.
Бұл кездейсоқ жағдайларда электр
құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
f.
Арнайы киім киініңіз. Кең киім кимеңіз және әшекей тақпаңыз.
Шашыңызды, киіміңізді және қолғабыңызды жылжымалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш
жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g.
Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз
етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
a.
Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Электр құралын тек
мақсатына сай пайдаланыңыз.
Дұрыс электр құралы өзінің арнайы
жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді әрі қауіпсіз орындайды.
b.
Қосқышы зақымданған электр құралын пайдаланбаңыз.
Қосқыш арқылы
басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу
қажет.
c.
Реттеу әрекеттерін орындау, аксессуарларды өзгерту немесе жұмысты
аяқтаудан кейін штепсельді қуат көзінен және/немесе батареядан
ажыратыңыз.
Мұндай сақтық шаралары электр құралының кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
d.
Пайдаланбайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс
емес адамға құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Электр құралдары
жаттықтырылмаған пайдаланушылар қолында қауіп тудырады.
e.
Электр құралдарына техникалық қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы
бөлшектердің қисаюын немесе шатасуын, бөлшектердің бұзылуын
және механикалық құралдардың жұмысына әсер етуі мүмкін барлық
жағдайды тексеріңіз. Зақым бар болса, электр құралын пайдаланбас
бұрын, оны жөндеңіз.
Көптеген оқыс оқиғалар электр құралдарына дұрыс
емес техникалық қызмет көрсету салдарынан орын алады.
f.
Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз.
Тиісті түрде
техникалық қызмет көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп
қалмайды және оларды басқару оңай болады.
g.
Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға ала
отырып, электр құралын, аксессуарларды және алмалы-салмалы
кескіштерді және т. б. осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электр
құралын мақсатты пайдаланудан басқаша пайдаланғанда қауіпті жағдай
орын алуы мүмкін.
БАТАРЕЯ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
a.
Электр құралдарын тек арнайы жасалған батареялармен
пайдаланыңыз.
Кез келген басқа батареяларды пайдалану жарақат
немесе өрт қаупін тудыру мүмкін.
b.
Батарея пайдаланылмай жатқан кезде, оны басқа қағаз қыстырғыштар,
тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар немесе басқа да ұсақ металл
заттардан алшақ ұстаңыз, бұл бір клеммадан басқа клеммаға қосылым
жасау мүмкін.
Батарея клеммаларын бірге тұйықталуы жалынды немесе
өртті тудыру мүмкін.
c.
Жарамсыз жағдайларда, сұйықтық батареядан ағып кетуі мүмкін;
Содержание 7020
Страница 5: ...5 B A C I G F E D H Q N K P O L J M R S T U W V Y 5 1 2 3 4 ...
Страница 6: ...6 F I R S E D A R D E G 6 90 V W U T 7 ...
Страница 7: ...7 2 3 1 K 0 L J P 4 5 J L 8 ...
Страница 8: ...8 V Q B A q 45 9 ...
Страница 263: ......
Страница 264: ...2610Z09853 01 2018 All Rights Reserved Bosch Power Tools B V Konijnenberg 60 4825 BD Breda The Netherlands ...