6
KZ
5) Батарея құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз.
Батарея блогының
белгілі бір түріне арналған зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен
пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b) Электр құралдарын тек арнайы жасалған батарея блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез
келген басқа батарея блоктарын пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру мүмкін.
c) Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан басқасына қосылуына
себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар
сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының
бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
d) Қолайсыз жағдайларда батареядан сұйықтық ағып кетуі мүмкін, оны денеңізге
тигізбеңіз. Егер абайсызда тиіп кетсе, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге
тиіп кетсе, қосымша медициналық көмек алыңыз.
Батареядан шыққан сұйықтық
тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
e) Зақымдалған немесе өзгертілген батарея блогын немесе құралды пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупі
бар күтпеген әрекетке әкелуі мүмкін.
f) Батарея блогын немесе құралды отқа немесе шамадан тыс температура әсеріне
ұшыратпаңыз.
Отқа немесе 130°C шамасынан жоғары температура әсеріне ұшырату
жарылыс туғызуы мүмкін.
g) Барлық зарядтау нұсқауларын орындаңыз және батарея блогын немесе құралды
нұсқауларда көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз.
Батареяны
дұрыс емес немесе көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтау оны зақымдап,
өрттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
6) Қызмет көрсету
a) Электр құралына қызмет көрсету жұмысын білікті маман тек түпнұсқа бөлшектерді
пайдаланып жасауы тиіс.
Бұл электр құралы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз
етеді.
b) Зақымдалған батарея блоктарына ешқашан қызмет көрсетпеңіз.
Батарея
блоктарына қызмет көрсетуді тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету
жеткізушісі орындауы тиіс.
КЕСУГЕ АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Кесу процедуралары
a) ҚАУІП: Қолыңызды кесу аймағынан және ара жүзінен алшақ ұстаңыз.
Араны екі
қолыңызбен де ұстасаңыз, ара жүзі қолыңызды кесіп кетпейді.
b) Құралдың астына қол сұқпаңыз.
Сақтандырғыш жабдық өңделетін өнімнің астындағы
ара жүзінен қорғамайды.
c) Кесу тереңдігін өңделетін өнімнің қалыңдығына сәйкес реттеңіз.
Өңделетін өнімнің
астыңғы жағынан ара тісі толық тісінің жартысы ғана көрініп тұруы керек.
d) Кесу кезінде өңделетін өнімді ешқашан қолмен немесе аяқтарыңыздың арасында
ұстап тұрмаңыз. Өңделетін өнімді тұрақты платформаға бекітіңіз.
Денеге әсер етуді
азайту және ара жүзінің кептеліп қалуын не бақсаруды жоғалтуды болдырмау үшін
жұмысты дұрыс орындау маңызды.
e) Кескіш керек-жарақ жасырын сымға немесе өзінің сымына тиіп кетуі мүмкін
болатын жұмысты орындау барысында электр құралын тек оқшауланған қармау
беттерінен ұстаңыз.
Кескіш керек-жарақ кернеулі сымға жалғанса, электр құралының
ашық металл бөліктерінде кернеу пайда болуы мүмкін, нәтижесінде операторды ток
соғуы мүмкін.
Содержание 3 276005 143937
Страница 2: ...2 1 2 3 4 5 6 7 9 10 8 11 13 16 12 14 15 17 18 ...
Страница 3: ...3 A C C1 B1 B2 D1 D2 E2 E1 E3 E4 E5 1 2 ...
Страница 26: ...26 KZ ...
Страница 50: ...50 RU ...
Страница 70: ...70 EN ...
Страница 71: ......