![COOLFORT CF-0525 GY Скачать руководство пользователя страница 10](http://html1.mh-extra.com/html/coolfort/cf-0525-gy/cf-0525-gy_manual-instruction_2661052010.webp)
ҚАЗАҚ
10
CF-0525 GY ТЕРМОЭЛЕКТРЛІ ТОҢАЗЫТҚЫШ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Coolfort фирмасының өнімін сатып алғаныңызға алғысымызды білдіреміз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен
жете танысып шығыңыз жəне тоңазытқышты нұсқаулыққа сəйкес пайдалануға тырысыңыз.
Нұсқаулықтықты анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Пельтье элементтерін пайдалану арқылы термоэлектрлі технологияны қолдануға негізделген тоңазытқыш
– жүргізушілер мен спортшылар үшін ең жақсы таңдау. Сіз серуендеу, қала сыртына шығу, саяхат кезінде,
сонымен қатар жолда туындаған автомобиль тығындары кезінде салқындатылған сусындарды ішіп, рахаттана
аласыз, ал қысқы мезгілде өнімдердің температурасын сақтау функциясы сіздің көңіліңізден шығады. Бірегей
қорек тоңазытқыштың автомобильдегі тұрақты ток желісінен (DC 12 В) жұмыс істеуін жəне айнымалы ток
желісінен (AC 220-240 B) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
СИПАТТАМАСЫ
1. Тоңазытқышқа мұздатылған өнімдерді немесе салқындатылған сусындарды салған дұрыс, сонда олар ұзақ
уақыт бойы суық күйде сақталады. Бөлме температурасындағы өнімдерді жəне сусындарды суыту үшін 2-3
сағат қажет болады. Қатты жылы өнімдерді жəне сусындарды суыту үшін біршама уақыт қажет болады.
2. Егер аспаптың жылытқыш қасиеті туралы айтатын болсақ, аспап суық өнімдерді қыздыру үшін емес,
өнімдердің температурасын сақтау үшін арналғанын есте ұстаған жөн. Əрине, суық өнімдер де жылытылуы
мүмкін, бірақ ол үшін біршама көп уақыт қажет. Ыстық өнімдер аспапты өшіргеннен кейін де бірнеше сағат
бойы өзінің температурасын сақтайды.
3. Аспап жұмыс істеу кезінде шуыл деңгейін нөлге дейін азайтуға мүмкіндік беретін технологияны пайдалану
арқылы жасалған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Корпус
2. Тоңазытқыштың/қыздырғыштың қақпағы
3. Суыту торлары
4. Тасымалдауға арналған сап
5. Басқару панелі
6. Суыту режиміндегі жұмыс индикаторы
7. Қыздыру режиміндегі жұмыс индикаторы
8. Жұмыс режимдерін ауыстырыпқосқыш
9. Автомобильде қосуға арналған қорек сымы
10. Желдеткіштің торы
11. Қосымша қақпақ
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Қорек көзіне байланысты қажетті қорек сымын пайдаланыңыз (9,10).
- тоңазытқышты автомобильде (12 В) қосу үшін (9) сымды пайдаланыңыз.
- тоңазытқышты желіге (220 В) қосу үшін (10) сымды пайдаланыңыз.
2. Сым штекерін (9) темекі тұтандырғыш ұяшығына немесе сым ашасын (10) розеткаға тығыңыз.
3. Ауыстырыпқосқышты (8) «COLD» суыту немесе «HOT» жылыту жағдайына қойыңыз.
4. Жылытқыш-тоңазытқыш жұмыс істей бастайды.
5. Аспапты өшіру үшін ауыстырыпқосқышты (8) «OFF» жағдайына қойыңыз жəне сымды қорек көзінен
ажыратыңыз.
6. Тасымалдауда ыңғайлы болу үшін аспап саппен (4) жасақталған, сап (4) тігінен тұрғанда, ол тоңазытқыш
қақпағының (2) ашылуына жол бермейді.
7. Алдын ала суытылған өнімдерді тасымалдау үшін, егер тоңазытқыштың қақпағы (2) автомобильде болса,
қосымша қақпақты (11) пайдалануға болады.
Ескерту:
- Жылыту режимінде қызыл индиктаор (7) жанатын болады.
- Суыту режимінде жасыл индикатор (6) жанатын болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
1. Аспап қалыпты жұмыс істеу үшін жақсы желдету болуы қажет.
2. Желдеткіш торының (3) бітелуіне жол бермеңіз.
3. Аспап кемпингте пайдаланылуы мүмкін. Аспапты тікелей күн сəулелерінің жəне жаңбырдың əсеріне
ұшыратпаңыз, оны қатты соққылардан сақтаңыз. Қатты соққы аспаптың зақымдануына, бөлшектердің
сынуына жəне ішкі элементтер тізбектерінің үзілуіне алып келуі мүмкін.
4. Қорек сымы зақымданған аспапты пайдаланбаңыз.
CF-0525.indd 10
CF-0525.indd 10
21.12.2006 10:20:16
21.12.2006 10:20:16