10
а) пульты дистанционного управления, аккумуляторные батареи, элементы
питания (батарейки), внешние блоки питания и зарядные устройства;
б) расходные материалы и аксессуары (упаковка, чехлы, ремни, сумки, сетки,
ножи, колбы, тарелки, подставки, решетки, вертелы, шланги, трубки, щетки,
насадки, пылесборники, фильтры, поглотители запаха);
- для приборов, работающих от батареек, – работа с неподходящими или исто
-
щенными батарейками;
- для приборов, работающих от аккумуляторов, – любые повреждения, вызванные
нарушениями правил зарядки и подзарядки аккумуляторов.
5. Настоящая гарантия предоставляется изготовителем в дополнение к правам
потребителя, установленным действующим законодательством, и ни в коей
мере не ограничивает их.
6. Производитель не несет ответственности за возможный вред, прямо или
косвенно нанесенный продукцией ТМ CENTEK людям, домашним животным,
имуществу потребителя и/или иных третьих лиц в случае, если это произошло
в результате несоблюдения правил и условий эксплуатации, установки изделия;
умышленных и/или неосторожных действий (бездействий) потребителя и/или
иных третьих лиц действия обстоятельств непреодолимой силы.
7. При обращении в сервисный центр прием изделия предоставляется только
в чистом виде (на приборе не должно быть остатков продуктов питания, пыли
и других загрязнений).
Производитель оставляет за собой право изменять дизайн и характеристики
прибора без предварительного уведомления.
ҚАЗАҚ
ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫ!
Пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықтың барлығын толығымен оқып шығыңыз,
содан кейін оны болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Қауіпті жағдай
-
ларды болдырмас үшін және теледидардың ең жоғарғы өнімділігін қамтамасыз
ету үшін әрдайым келесі сақтық шараларын сақтаңыз.
Теледидар тұрмыстық құрал болып табылады және өнеркәсіптік, коммерциялық
мақсаттарда пайдалануға арналмаған!
1. Қауіпсіздік шаралары
ЕСКЕРТУ: ЭЛЕКТР TОГЫНЫҢ СОҒУЫН БОЛДЫРМАУ ҮШІН ТЕЛЕДИДАРДЫ ӨЗБЕТІҢІЗ
-
БЕН БӨЛШЕКТЕУГЕ ЖӘНЕ АҚАУЛЫҚТЫ ЖОЮҒА ТЫРЫСПАҢЫЗ! КӨМЕК АЛУ ҮШІН
СЕРТИФИКАТТАЛҒАН МАМАНДАРҒА ЖҮГІНІҢІЗ!
Тең жақты үшбұрыштың ішіндегі найзағай белгісі пайдаланушыны оқша
-
уланбаған «қауіпті кернеудің» бар екенін ескертеді.
Үшбұрыштың ішіндегі леп белгісі сізге назар аудару керек маңызды
пайдалану және техникалық қызмет көрсету нұсқауларын көрсетеді.
ЕСКЕРТУ:
электр тогының соғуын болдырмау үшін теледидарды өзбетіңізбен
бөлшектеуге және ақаулықты жоюға тырыспаңыз! Көмек алу үшін сертифи
-
катталған мамандарға жүгініңіз!
Тең жақты үшбұрыштың ішіндегі найзағай белгісі пайдаланушыны оқшаулан
-
баған «қауіпті кернеудің» бар екенін ескертеді.
Үшбұрыштың ішіндегі леп белгісі сізге назар аудару керек маңызды пайдалану
және техникалық қызмет көрсету нұсқауларын көрсетеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Өнім берушінің жазбаша рұқсатынсыз бұл өнімді кез-келген түрде модифи
-
кациялауға тырыспаңыз.
Пайдаланушының осы нұсқаулығындағы суреттер мен иллюстрациялар тек
анықтама үшін ұсынылған және тауардың нақты сыртқы түрінен ерекшеленуі
мүмкін. Бұйымның конструкциясы мен сипаттамалары алдын ала ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН САҚТАНДЫРУЛАР!
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау жарақат пен мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Бұл өнім қауіпсіздік бойынша ең жоғары басымдықпен жобаланған және
шығарылған. БІРАҚ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ СОҒУЫНА НЕМЕСЕ
ӨРТКЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
- Ықтимал қауіптің алдын алу үшін бұйымды орнату, пайдалану және тазалау
бойынша келесі нұсқауларды орындаңыз.
- Тек өндіруші көрсеткен аксессуарларды қолданыңыз. Өндіруші ұсынбаған
аксессуарларды пайдалану жарақатқа әкелуі мүмкін.
- Өрт немесе электр тогының соғу қаупін азайту үшін бұл құрылғыны жаң
-
бырдың немесе ылғалдың әсеріне ұшыратпаңыз. Құрылғыға сұйықтық бар
контейнерлерді орнатпаңыз. Құрылғыны тамшылардың немесе судың шашырау
әсеріне ұшыратпаңыз.
- Тез тұтанатын немесе жанғыш материалдарды құрылғының жанында пай
-
даланбаңыз немесе сақтамаңыз, себебі бұл өртке немесе жарылысқа әкелуі
мүмкін. Теледидардың жоғарғы жағына ашық жалын көздерін (жанып тұрған
шамдар, темекі немесе хош иісті таяқшалар) қоймаңыз.
Ескерту
: оттың таралуын болдырмау үшін әрдайым шамдар мен басқа да ашық
жалын көздерін құрылғыдан алыс ұстаңыз.
- Теледидарды орнатқан кезде тиісті желдетуді қамтамасыз ету үшін теледидар
мен басқа заттар (қабырға,шкаф,жиһаздың бүйірлері және т.б.) арасында кем
дегенде 4 см қашықтықты сақтау керек. Желдетудің болмауы өртке немесе
құрылғының шамадан тыс қызуына байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін.
- Бұл өнім ТЕК ҚАНА (!) заттаңбада көрсетілген электр қуат түрімен пайдала
-
нуға арналған. Егер сіз үйіңіздегі қуат түріне сенімді болмасаңыз, жергілікті
энергетикалық компанияға хабарласыңыз.
- Электр розеткаларын, ұзартқыштарды немесе адаптерлерді шамадан тыс
жүктемеңіз, бұл өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
- Теледидарды орнатпас бұрын, желідегі кернеу құрылғы тақтасындағы кер
-
неуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
- Қауіпсіздік мақсатында көптеген құрылғыларды әртүрлі үштармақтар мен
тармақтағыштарды пайдаланбай розеткаға бөлек қосу ұсынылады.
- Аппараттың ашасы құрылғыны электр желісіне қосу/өшіру үшін қолданылады,
ол оңай қол жетімді болуы керек.
- Құрылғыны қабырғаға орнатқан кезде оны кронштейн/теледидар өндірушілері
ұсынған нұсқауларға сәйкес орнатыңыз.
- Бұйымды шайқалғыш тұғырға, үштағанға немесе үстелге қоймаңыз. Бұйымды
шайқалғыш беткі жаққа орнату оның құлауына, ауыр жарақаттарға, сондай-ақ
бұйымның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Теледидарды әрқашан оны қауіпсіз ұстай алатын жиһазға қойыңыз. Теледидар
-
дың шеттері ол тұрған жиһаздың ауқымынан тыс шықпайтынына көз жеткізіңіз.
Ешқашан заттарды теледидарға тесіктері немесе саңылаулары арқылы тығып
жібермеңіз. Құрылғыда жоғары кернеу бар және затты салу электр тогының
соғуына және/немесе ішкі бөліктердің қысқа тұйықталуына әкелуі мүмкін. Дәл
сол себеппен бұйымға судың немесе басқа сұйықтықтың түсуіне жол бермеңіз.
- Бұл құрылғыға тек авторландырылған және дұрыс оқытылған маман ғана
қызмет көрсетуі керек. Пайдаланушының қақпақты ашуы немесе құрылғыны
жөндеуге деген басқа әрекеттері ауыр жарақатқа немесе электр тогының
соғуынан болған өлімге, сондай-ақ өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін.
- Егер құрылғы жөндеуді қажет етсе, қызмет көрсететін маман өндіруші
көрсеткен немесе түпнұсқа қосалқы бөлшектер сияқты сипаттамалары мен
өнімділігі бар қосалқы бөлшектерді қолданатындығына көз жеткізіңіз. Бөтен
бөлшектерді пайдалану өртке, электр тогының соғуына және / немесе басқа
қауіптерге әкелуі мүмкін.
- Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу аяқталғаннан кейін, теледидар
-
дың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін маманнан қауіпсіздігін
тексеруін сұраңыз.
- Балаларға теледидар салынған пластик пакетпен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Бұл талапты орындамау тұншығуға әкелуі мүмкін.
- Батареялар (батарея блогы немесе орнатылған батареялар) шамадан тыс
жылу әсеріне (күн сәулесі, от және т.б.) ұшырамауы керек. Батареяларды тұр
-
мыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оларды ескі батареяларды жинау
орнына қайтарыңыз.
- Антеннаны жоғары вольтты электрберілісі желілері мен байланыс кабель
-
дерінен алыс орнатыңыз және оның сенімді орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Егер антенна электрберілісі желісіне тиіп кетсе, өртке, электр тогына немесе
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
1. Пайдалану шарттары:
- ауа температурасының 15°С-ден 35°С-ге дейін болуы
- ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 45%-дан 75%-ға дейін
- атмосфералық қысым 86-дан 106 кПа-ға дейін (сын.бағ.650-ден 800 мм)
2. ~ Айнымалы токты білдіреді.
Тұрақты токты білдіреді.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулықты оқып, сақтаңыз. Нұсқауларды орындаңыз және барлық
ескертулерді орындаңыз.