22
-
AUTO режимінде түнгі режим функциясы
қолжетімді болмайды.
-
DRY режимі орнатылған кезде ішкі температура
мен белгіленген температура арасындағы O - ай-
ырма шамасына сәйкес кондиционер бөлмедегі
ылғалдылықты азайту үшін салқындату опе-
рациясы мен желдеткішті автоматты түрде іске
қосады немесе тоқтатады. Бұл ретте желдеткіштің
жылдамдығы әрдайым бақылауда бола бермейді.
-
Режим
орнатылған кезде температураны
реттеу функциясы қолжетімді болмайды. Тем-
ператураны реттеу мен көлденең тербелісті бір
уақытта қосу тиімді әсер бермейді. Желдеткіштің
жоғары, орташа немесе төмен жылдамдығын ғана
орнатуға болады. Желдеткіш жылдамдығы үшін
AUTO режимі қолжетімді болмайды.
КОНДИЦИОНЕРДІҢ ӘР ТҮРЛІ РЕЖИМДЕРДЕГІ ЖҰМЫС
ТӘРТІБІ
-
Салқындату немесе жылыту режимінде кондици-
онер белгіленген температураны ±1 °C дәлдікпен
ұстап тұру қажет, егер салқындату режиміндегі
температура қоршаған ауа температурасынан
1 °C-қа жоғары болса, кондиционер желдету
режимінде жұмыс істейді.
-
Егер жылыту режиміндегі берілген температу-
ра қоршаған ауаның температурасынан 1 °С-қа
төмен болса, кондиционер желдету режимінде
жұмыс істейді. AUTO режимінде температура
қолмен реттелмейді, кондиционер автоматты түрде
ыңғайлы температураны (25±2 °C) ұстап тұрады.
Егер температура плюс 20 °C болса, кондиционер
автоматты түрде қыздыру режимінде жұмыс істей
бастайды. Плюс 26 °C температурада кондиционер
салқындату режимінде қосылады.
-
Егер кондиционер қосылған кезде бөлме темпе-
ратурасы белгіленген температурадан 2 °С-қа
жоғары болса, онда кондиционер салқындату
режимінде жұмыс істейді. Белгіленген темпе-
ратурадан 2 °C-қа жоғары температураға жет-
кенде, компрессор мен сыртқы блок желдеткіші
жұмысын тоқтатады, ішкі блок желдеткіші төмен
жылдамдықпен айналады. "ҰЙҚЫ" режимінде
жұмыстың бірінші сағатынан кейін салқындату
кезінде берілген температура автоматты түрде
1 °C-қа, екіншіден кейін тағы 1 °C-қа көтеріледі, со-
дан кейін берілген температура өзгеріссіз қалады.
БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Аспапты дереу қосу/сөндіру үшін батырманы
басыңыз .
Ескертпе:
аспапты өшіргеннен кейін ішкі блоктың
жалюзиі автоматты түрде жабылады.
-
"РЕЖИМ" (MODE) батырмасын басу арқылы сіз
қажетті жұмыс режимін таңдай аласыз не-
месе алдын ала орнатылған COOL немесе НЕАТ
режимдерін таңдай аласыз.
-
"+" және "-" батырмаларымен қалаған температу-
раны орнатуға болады. AUTO режимінде темпера-
тура автоматты түрде орнатылады.
-
"ЖЫЛДАМДЫҚ" (SPEED) батырмасын басу арқылы
сіз желдеткіштің жылдамдығын таңдай аласыз.
TURBO режимінде айналу жылдамдығы автоматты
түрде орнатылады.
-
Батырманы
басу арқылы сіз перделерді
қалаған орынға орната аласыз.
БАСҚАРУДЫҢ ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАРЫ
-
"ҰЙҚЫ" (SPEED) батырмасын басу арқылы түнгі
режимді қосуға /өшіруге болады.
-
"ТАЙМЕР" (TIME) батырмасын басу арқылы таймер
функциясын орнатуға немесе өшіруге болады.
-
"ДИСПЛЕЙ" (DISPLAY) батырмасын басу арқылы
ішкі блоктағы дисплей жарығын қосуға немесе
өшіруге болады.
-
"ТУРБО" (TURBO) батырмасын басу арқылы қар-
қынды режимді қосуға/өшіруге болады.
ЕРІТУ ФУНКЦИЯСЫ
Атмосферадағы температура өте төмен және
ылғалдылық өте жоғары болған кезде, сыртқы
блоктың радиаторы қатып қалуы мүмкін, бұл жылу
операциясының тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.
Бұл жағдайда сыртқы блокты автоматты түрде еріту
қарастырылған.
-
Алғашқы іске қосу кезінде, жұмыстың бірінші
сағатынан кейін еріту функциясы автоматты түрде
қосылады. Еріту операциясын орындау үшін жы-
лыту операциясы 5-15 минутқа тоқтатылады.
-
Ішкі және сыртқы блок желдеткіштері тоқтатылады.
-
Еріту процесінде сыртқы блок белгілі бір мөлшерде
бу шығаруы мүмкін. Бұл тез еріту процесіне бай-
ланысты нәрсе және аспаптың ақауы емес. Еріту