198
Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар
сияқты металл заттарды конфорканың бетіне қоймау
қажет, себебі қызып кетуі мүмкін.
Үнемі бақыланбаған жағдайда, 8 жасқа толмаған
балаларды жолатпау керек.
Кәстрөлдердің тұтқалары ұстағанда ыстық болуы мүмкін.
Кәстрөлдің тұтқалары қосулы тұрған басқа пісіру
аймақтарының үстіне төніп тұрмағанын тексеріңіз.
Тұтқаларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұл кеңесті орындамау салдарынан адам күйіп
қалуы мүмкін.
Кесу қаупі
Қауіпсіздік қақпағы тартылған кезде, пісіру панелі
қырғышының ұстарадай өткір жүзі ашылады.
Пайдаланғанда аса сақ болу керек және әрқашан қауіпсіз
және балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Сақтық шараларын қолданбау салдарынан адамдар бір
жерін жарақаттап немесе кесіп алуы мүмкін.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Жабдықты пайдалану кезінде ешқашан қараусыз
қалдырмаңыз. Қатты қайнағаннан түтін шығуы және
тасыған майлы заттар тұтануы мүмкін.
Жабдықты ешқашан жұмыс немесе сақтау беті ретінде
пайдаланбаңыз.
Ешқашан жабдықтың үстінде ешқандай зат немесе
ыдыс қалдырмаңыз.
Жабдықты ешқашан бөлмені жылыту немесе ысыту
үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланғаннан кейін, пісіру аймақтары мен пісіру
панелін әрқашан осы нұсқаулықта сипатталғандай
(яғни сенсорлы басқару элементтерінің көмегімен)
өшіріңіз. Табаны алған кезде, пісіру аймақтарын өшіру
үшін табаны анықтау функциясына сенім арта бермеңіз.
Содержание CI642CBB/1
Страница 2: ...Download hOn App In the hOn App you ll have access to several recipes and extra contents ...
Страница 293: ......
Страница 294: ...V1 0 QR CODE ...