![BRAYER BR4702 Скачать руководство пользователя страница 16](http://html.mh-extra.com/html/brayer/br4702/br4702_instruction-manual_2806058016.webp)
30
31
kz
kz
• Суқойманы (3) аударыңыз, қақпақты (6) сағат
тіліне қарсы бұраңыз және оны шешіп алыңыз
(сур. 2).
• Суқойманы (3) қажетті мөлшерде сумен толты-
рыңыз.
•
ескертпе:
— егер су құбырының суы өте
«кермек» болса, онда қосымша суды тазалауға
арналған тұрмыстық сүзгілерде тазартылған
суды пайдаланыңыз немесе су құбырының суын
дистилляциаланған сумен 1:1 қатысында арала-
стырыңыз.
• Қақпақты (6) су құятын тесікке (5) орнатыңыз және
оны сағат тілі бағытымен, бұрандасы бойынша
бұраңыз.
• Су толтырылған суқойманы (3) құрылғының кор-
пусына (12) орнатыңыз, сәндік қақпақты (2) және
шүмекті (1) орнатыңыз.
• Жұмыс камерасы (13) суға толғанға дейін біраз
уақыт күтіңіз.
• Егер хош иістендіру функциясын пайдаланғыңыз
келсе, контейнерді (11) шығарыңыз. Суда еритін
хош иісті майдың бірнеше тамшысын тамшы-
лаңыз және контейнерді (11) орнына орнатыңыз
(сур. 3).
•
ескертпелер:
- суға еритін хош иісті майларды ғана пайдала-
ныңыз.
- егер сіз хош иістендіру функциясын пайда-
лануды жоспарламасаңыз, контейнерді (11)
шығарыңыз, оны сумен жуыңыз, кептіріңіз және
орнына қойыңыз
• Желі бауының ашасын розеткаға салыңыз.
• Тұтқаны (9) сағат тілі бойынша бұрап, ылғал-
дағышты қосыңыз, осы кезде қосу индикаторы
жасыл түспен жанады.
• «Будың» шығу қарқындылығын тұтқаны (9) бұрап
белгілеңіз.
• Жарықтандыруды қосу үшін батырманы (7) ба-
сыңыз, жарықтандыруды сөндіру үшін батырманы
(7) қайта басыңыз.
• Суқоймада (3) су таусылған кезде, көрсеткіш
қызыл түспен жанады.
• Ылғалдағышты сөндіріңіз, ол үшін тұтқаны (9)
сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұрап, желі
бауының ашасын розеткадан суырыңыз.
• Суқойманы (3) суға толтырыңыз, орнына қойыңыз
және құрылығыны іске қосыңыз.
• Жұмыс аяқталған соң ылғалдағышты сөндіріңіз,
ол үшін тұтқаны (9) сағат тіліне қарсы тірелгенге
дейін бұраңыз
• желі бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз.
КҮТІМ жӘне ТаЗаЛаУ
•
ескертпе:
— жұмыс камерасын (13) және «то-
заңдатқышты» тазалау үшін электр шайнектердегі
қақты кетіретін құралды қолдануға болады, сол
құралға арналған нұсқаулықты қатаң сақтап.
• Торды (10) шешіп алыңыз, сүзгіні шаңнан таза-
лаңыз, сүзгі мен торды (10) орнына орнатыңыз.
• Корпусты (12) жұмсақ, сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін корпусты (12) құрғатып
сүртіңіз.
• Корпусты (12), желі бауын және желі бауының
ашасын суға немесе кез-келген басқа сұй-
ықтықтарға салуға тыйым салынады. Корпустың
(12) ішіне сұйықтық тиюіне жол бермеңіз.
• Корпуспен (12) суға арналған суқойма (3) бетін та-
залау үшін еріткіштерді немесе абразивті тазарту
құралдарын қолдануға тыйым салынады.
СақТаЛУЫ
• Ауаны ылғалдағышты сақтауға алып қоярдан
бұрын ылғалдағышты тазалаңыз, ылғалдағыштың
бөлшектері құрғақ екеніне көз жеткізіңіз,
ылғалдағышты зауыттық қаптамаға салып алып
қойыңыз.
• Құрылғыны суқоймада (3) және жұмыс камера-
сында (13) су қалдығын қалдырып сақтамаңыз.
• Ылғалдағышты құрғақ, салқын жерде, балалар
мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпей-
тін жерде сақтаңыз.
еСКерТУ!
Ылғалдағышты тазалау немесе оған қызмет көрсе-
ту алдында үнемі сөндіріп отырыңыз.
• Кермек су жұмыс камерасында (13), «то-
заңдатқышта» және суға арналған суқоймада (3)
минералды шөгінділердің пайда болуын туды-
рады, минералды шөгінділер ауа ылғалдағыш
жұмысы тиімділігінің нашарлауына алып келеді.
• Апта сайын жұмыс камерасын (13), «то-
заңдатқышты» тазарту және су қоймадағы (3)
суды ауыстыру ұсынылады.
• Егер сіз ұзақ уақыт бойы ауа ылғалдағышты
пайдаланбасаңыз:
- суқоймадан (3) және жұмыс камерасынан (13)
суды төгіңіз
- жұмыс камерасы (13) және «тозаңдатқышты»
жуыңыз және тазартыңыз
- суқойманы (3) жуыңыз
- құрылғыны мұқият кептіріңіз және сақтауға
алып қойыңыз.
аПТа СаЙЫнғЫ КҮТІМ
• Аптасына бір рет суға арналған суқойманы (3),
жұмыс камерасын (13) және «тозаңдатқышты»
бейтарап жуу құралы бар жылы сумен жуыңыз,
содан кейін сумен мұқият шайыңыз.
• Тазалау құралының бірнеше тамшысын «то-
заңдатқышқа» тамшылап, бірнеше минут күтіңіз.
Қылшақты пайдаланып, «тозаңдатқыштың»
бетінен қақты жойыңыз (сур. 6).
Содержание BR4702
Страница 23: ...brayer su ...