33
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Үтікті пайдалану алдында пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулықпен жіті танысыңыз, оқыған
-
нан кейін болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
•
Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
•
Үтікті дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян кел-
тіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
•
Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
пәтеріңіздегі электр желісінің кернеуіне сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз.
•
Қуаттандыру бауы «еуроайырмен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар
электрлік розеткаға қосыңыз. Қысқа тұйықталу
кезінде, жерге қосуы электр тоғы соққысы қаупін
төмендетеді.
•
Егер розетканың дұрыс орнатылғанына және жер-
ге қосуына сенімді болмасаңыз, электр маманына
жүгініңіз.
•
Өрт шығу қаупін болдырмау үшін құралды электр
розеткасына қосу кезінде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
•
Электр желісіндегі жүк шамадан асып кетпеуі
үшін көп қуатты тұтынатын бірнеше құралды бір
мезгілде қоспаңыз.
•
Құрал корпусын, қуаттандыру бауын және
қуаттандыру бауының айырын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
•
Қуаттандыру бауының үтіктейтін тақтада жат-
пауын, ыстық беттермен және жиһаздың үшкір
шеттерімен жанаспауын қадағалаңыз.
•
Құралды жылыту аспаптарының, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей жанында пайда-
лануға болмайды.
•
Құралды асүй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
•
Егер құрал суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының айырын электр розеткасынан суырыңыз,
содан кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады. Құралды тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
•
Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау
орындарында құралды пайдалануға тыйым
салынады.
•
Құралды үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құралды найзағай кезінде пайдалануға кеңес
берілмейді.
Содержание BR4005
Страница 1: ...Instruction manual Инструкция по эксплуатации Steam iron BR4005 Паровой утюг BR4005 brayer ru ...
Страница 2: ...СОДЕРЖАНИЕ EN 3 DE 12 RU 22 KZ 32 ...
Страница 42: ......
Страница 44: ...brayer ru ...