42 KZ
•
Кофеқайнақышты ас үй раковинасына жақын,
жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да
су толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда, дереу желі
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығыңыз.
•
Кофеқайнатқышты жылу көздерінің, жылыту ас-
паптарының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Кофеқайнатқышты тегіс және тұрақты бетке
орнатыңыз, оны үстелдің шетіне қоймаңыз.
Желі бауының үстелден салбырап тұруына жол
бермеңіз, сонымен бірге оның ыстық беттермен
және жиһаздың өткір жиектерімен жанаспауын
қадағалаңыз.
•
Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
•
Қуаттандыру бауы мен қуаттандыру бауының аша-
сына сулы қолмен тиісуге тыйым салынады.
•
Жеткізілім жиынтығына кіретін кофеқайнатқыш
бөлшектері мен жабдықтарын ғана пайдала-
ныңыз.
•
Кофеқайнатқышты қосар алдында барлық шешіл-
мелі бөлшектерінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
•
Кофеқайнатқыштағы судың деңгейі минималдық
белгіден төмен болмауын қадағалаңыз.
•
Суы жоқ кофеқайнатқышты қоспаңыз.
•
Ыстық бумен күюді болдырмау үшін сүт көбігін
дайындау кезінде немесе дайын сусындарды
қыздыру кезінде абайлық сақтаңыз.
•
Сүзгі ұстағышының, капучинатор түтігінің және
капучинатор қондырмасының беті өте жоғары тем-
пературада болуы мүмкін. Ыстық беттерге тиіскен
кезде ұқыптылық пен абайлық сақтаңыз.
•
Сүзгі ұстағышын кофеқайнатқыш жұмыс істеп
тұрған кезде шешуге тыйым салынады.
•
Тазалау және жабдықтарын шешу алдында
құрылғыны толығымен суытыңыз.
•
Кофеқайнатқышты тазалау алдында немесе
пайдаланбайтын болған жағдайда, оны электр
желісінен ажыратыңыз. Кофеқайнатқышты желі-
ден ажыратқан кезде тек қуаттандыру бауының
ашасынан ұстаңыз және оны электр розеткасынан
абайлап шығарыңыз, қуаттандыру бауынан
тартпаңыз — бұл қуаттандыру бауының, электр
розетканың зақымдануына әкелуі немесе қысқа
тұйықталуын тудыруы мүмкін.
•
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама
ретінде қолданылатын полиэтилен пакеттерді
қараусыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Балаларға полиэтилен пакеттерімен немесе қап-
тама үлдірімен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тұншығу
қаупі бар!
Содержание BR1104
Страница 2: ...СОДЕРЖАНИЕ EN 3 DE 14 RU 27 KZ 40 ...
Страница 53: ......
Страница 54: ......
Страница 56: ...brayer su ...