232
| Қазақ
Алғаш рет аралау алдында бағыттауыш шина
(30)
көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік
арамен туралау керек. Ол үшін бағыттауыш шинаны
(30)
дайындаманың бүкіл ұзындығына қойыңыз. Шамамен
9 мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік
бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және жайлап
басып, аралау бағытында жүргізіңіз.
Жалғағыш бөліктің
(31)
көмегімен екі бағыттауыш
шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау
бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге
асырылады.
Бағыттауыш шинаны тірек тақтасына монтаждау (E
суретін қараңыз)
Тірек тақтасына
(8)
кіріктірілген жіңішке гайканы
(50)
керек-жарақтар бетінде көрсетілген бағыттауыш шиналар
үшін пайдалануға болады. Араны бағыттауыш шинаға
орнатып, қажет болса, екі сырғымалы жылжымамен
(45)
ара мен бағыттауыш шина дәлдігін реттеп шығыңыз.
Тірек тақтасын басқа өндірушінің кеңірек бағыттауыш
арқалығымен бағыттауыш шиналарға бейімдеу үшін
пластик ендірмені
(44)
алып тастаңыз.
Параллель тірек арқылы аралау (F – G суреттерін
қараңыз)
Параллельді тіреуіш
(46)
дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Параллель тіректің
(46)
бағыттауыш штангаларын тірек
тақтасындағы бағыттауыштар
(8)
арқылы өткізіп
жылжытыңыз. Қатпарлы бұрандаларды
(47)
екі жағынан
суретте көрсетілгендей орнатып, бірақ қатпарлы
бұрандаларды
(47)
әзірше бұрап бекітпеңіз.
Тиісті
(33)
немесе
(32)
кесік белгісінің көмегімен
шкалада қажетті кесік енін шкала мәні ретінде реттеп
шығыңыз, (қараңыз „Кесік белгілері (
қараңыз)“, Бет 229). Құлақты бұрандаларды
(47)
бұрап
бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (H суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Қорғаныш қаптама
(15)
әрдайым еркін қозғалуы және
автоматты түрде жабылуы керек. Сондықтан қорғаныш
қаптама
(15)
айналасындағы аймақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаны жаққышпен кетіріңіз.
Шаң/жоңқа жинағыш қапты, жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырды, тірек тақтасын, бағыттауыш шинаны және
бағыттауыш шинаға арналған гайканы әрдайым таза
ұстаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
1 609 92A 4XT | (11.02.2020)
Bosch Power Tools