Қазақ |
145
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз.
Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
u
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
u
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
u
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз.
Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
u
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек.
Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Балғаға арналған қауіпсіздік техникасының
нұсқаулары
Барлық операцияларға арналған қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
u
Құлақ қорғағыштарын кийіңіз.
Шуылда тұру есті
қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
u
Қосымша тұтқа(лар) пайдаланыңыз, егер аспаппен
берілген болса.
Бақылауды жоғалту жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
u
Кесетін керек-жарақтар немесе бекіткіш жасырын
сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін
әрекеттерді жасаған кезде электр құрылы
оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз.
Егер кесуші
аспап және бекіткіштер істеп тұрған сымға тисе электр
құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны
тоқ соғуы мүмкін.
Айналма бұрғылау балғаларымен ұзын бұрғы
қондырмаларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
u
Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және
қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде
бастаңыз.
Жоғарырақ жылдамдықтарда қондырма
дайындамаға тимей еркін айналған жағдайда бүгіліп,
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
u
Қондырмамен бір сызықта ғана қысым
қолданыңыз және артық қысым қолданбаңыз.
Қондырмалар бүгіліп, сынуға немесе бақылау
мүмкіндігінен айырылуға және жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының қосымша нұсқаулары
u
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз.
Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
u
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
u
Дайындаманы бекітіңіз.
Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
u
Жұмыс аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы
аспаптарды немесе іргелес корпус бөлшектерін
бірден ұстамаңыз.
Олар жұмыс барысында қатты
қызуы және адамды күйдіруі мүмкін.
u
Алмалы-салмалы аспап бұрғылау кезінде
бұғатталуы мүмкін. Тұрақтылық сақтаңыз және
электр құралын екі қолмен берік ұстаңыз.
Әйтпесе
электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз
мүмкін.
u
Қашаумен бөлшектеу жұмыстарын өткізген кезде
сақ болыңыз.
Бөлшектенетін материалдың құлаған
бөліктері айналадағы адамдарға немесе өзіңізге
жарақат тигізуі мүмкін.
u
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз.
Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бетон, кірпіш пен тасты перфоратормен
бұрғылауға және жеңіл қағу жұмыстарына арналған. Ол,
сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен пластмассаны
бұрғылауға жарамды. Электрондық басқару құралы және
оңға/солға айналуы бар электр құралдары бұрауға да
жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патроны (
GBH 240 F
)
(2)
SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патроны
Bosch Power Tools
1 609 92A 890 | (28.09.2022)