![Bosch MUM50149 Скачать руководство пользователя страница 221](http://html.mh-extra.com/html/bosch/mum50149/mum50149_instruction-manual_43212221.webp)
221
kk
Тазалау және күту
■ Ингредиенттерді толтырыңыз.
Сұйық максималды көлем =
1,25 литр; көпіршікті немесе ыстық
сұйықтықтардың максималды көлемі =
0,5 литр;
оңтайлы өңдеу көлемі,
қатты = 50 - 100 грамм;
■ Қақпақты орнатып сағат бағытына қарсы
тірелгенше араластырғыш ұстағышына
бұраңыз. Қақпақ енгізілуі тиіс.
■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы
қадамға қойыңыз.
Ингредиенттермен толтыру
J
-8 суреті:
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш
арқылы өшіріңіз.
■ Қақпақты алып тастап, ингредиенттерді
толтырыңыз
немесе
■ Құйғышты алып тастаңыз және қатты
ингредиенттерді құйғыш саңылауға
біртіндеп толтырыңыз
немесе
■ сұйық ингредиенттерді құйғыш арқылы
толтырыңыз.
Жұмыстан кейін
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш
арқылы өшіріңіз.
■ Араластырғышты сағат бағытымен
бұрап, алып тастаңыз.
Кеңес:
Араластырғышты қолданған соң
бірден тазалаңыз.
Тазалау және күту
Назар аударыңыз!
Ешбір қыра алатын тазалау бұйымдарын
қолданбаңыз. Үстілердің бұзылып кетуіне
апаруы мүмкін.
Негізгі бұйымды тазалау
W
Ток соғу қаупі бар!
Негізгі бұйымды ешқашан су ішіне
батырмаңыз және ағынды су астында
ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын
пайдаланбаңыз.
■ Ашаны розеткадан шығарыңыз.
■ Негізгі бұйым мен жетектің қорғаныс
қақпағын ылғалды шүберекпен сүртіңіз.
Қажет болса, біраз ыдыс жуғыш құрал
қолданыңыз.
■ Содан кейін бұйымды құрғақтай сүртіңіз.
Ыдыс пен құралды тазалау
Ыдыс және құрал ыдыс-аяқ жуатын
машинада жуу үшін жарамды. Пластик
бөлшектерді ыдыс-аяқ жуатын машинада
қыспаңыз, себебі шаю барысында
қалдықтар пайда болуы мүмкін!
Асүйлік майдалағышты тазалау
Асүйлік майдалағыштың барлық
бөлшектері ыдыс-аяқ жуатын машинада
жуу үшін жарамды.
Кеңес:
Мысалы, сәбіз өңдеуден кейін
қалатын қызыл тұнбаны кетіру үшін,
шүберекке біраз өсімдік майын жағып,
асүйлік майдалағышты (майдалағыш
дискілерді емес) сүртіңіз. Содан кейін
асүйлік майдалағышты шайыңыз.
Араластырғышты тазалау
W
Өткір пышақтан жарақаттану
қаупі бар!
Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен
тимеңіз.
Араластырғыш ыдысын, қақпақты және
құйғышты ыдыс-аяқ жуу машинасында
жууға болады.
Кеңес:
Сұйықтықтарды өңдегеннен кейін
әдетте араластырғышты тазалау үшін
оны бұйымнан алып тастау қажет емес.
Ол үшін біраз суды жуғыш құралмен бірге
орнатылған араластырғышқа құйыңыз.
Араластырғышты бірнеше секундқа
қосыңыз (
M
қадамы). Шаюға қолданылған
суды төгіп, араластырғышты таза сумен
шайыңыз.
Маңызды нұсқау
Көмекші құрал дорбасын қажетінше
тазалаңыз. Дорбадағы күту бойынша
нұсқауларды орындаңыз.