Қaзақша |
143
Bosch Power Tools
F 016 L81 125 | (23.3.16)
Зарядтау құралын таза ұстаңыз.
Құралдың ластануы тоқ соғуы
қаупін туындатады.
Әр пайдаланудан алдын
зарядтау құралын, кабельді
және айырды тексеріңіз. Ақауды
байқасаңыз зарядтау құралын
пайдаланбаңыз. Зарядтау
құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек
білікті маманға және түпнұсқалы
бөлшектермен жөндетіңіз.
Зақымдалған зарядтау құралы,
кабель және айыр электр тоғының
соғу қаупін арттырады.
Зарядтау құралын қосулы күйде
оңай жанатын беттердің
(мысалы, қағаз, мата және т.б.)
үстіне қоймаңыз немесе жанғыш
заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
Зарядтау кезінде
зарядтау құралының қызуы
себебінен өрт қаупі пайда болады.
Тек қана осы бақ электрбұйымы
үшін арналған арнайы Bosch
аккумуляторларын қолданыңыз.
Басқа түрлі аккумуляторларды
қолдану жаралану және өрт
қауібіне апара алады.
Қолданылмайтын
аккумуляторды қағаз
қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, инелерден,
бұрандалардан немесе
контакттарға бөгет ете алатын
басқа металл заттардан алыс
жерде сақтаңыз.
Аккумулятор
контакттар арасындағы қысқа
мерзімді тұйықталу себебінен күйіп
қалу немесе өрт пайда болуы
мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған
аккумулятордан сұйықтық ағуы
мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, тиген жерді сумен
шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе,
медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні
тітіркендіруі немесе күйдіруі
мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз.
Қысқа
тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды
жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, судан және
ылғалдан қорғаңыз.
Жарылу қаупі
бар.
Аккумуляторды тұйықтамаңыз.
Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған
немесе дұрыс пайдаланбаған
жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз
және шағымдар болса,
медициналық көмек алыңыз.
Булар тыныс алу жолдарын
тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторды сұйықтықтардан
және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ...
50 °C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда
көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін
жұмсақ, таза және құрғақ щеткамен
мұқият тазалаңыз.
OBJ_BUCH-2510-003.book Page 143 Wednesday, March 23, 2016 9:12 AM