![Bosch AL 1830 CV Скачать руководство пользователя страница 139](http://html.mh-extra.com/html/bosch/al-1830-cv/al-1830-cv_original-instructions-manual_37922139.webp)
Қазақ |
139
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1)
құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге
қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат
берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын және ескертпелерді
сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Осы нұсқаулықты толық орындаңыз.
Зарядтау құралын тек барлық қызметтерін толық бағалап, оларды орындай
алатыныңызға сенімді болғанда немесе тиісті нұсқаулықтарды алғаннан соң
пайдалану керек.
u
Бұл зарядтау құралы балалардың, дене немесе
ой қабілеттері шектелген, тәжирібесі және білімі
аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы
зарядтау құралымен 8 жастан асқан балалардың
және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген
не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаусыз және
жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы
аса қауіпті.
Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қаупі пайда болады.
Bosch Power Tools
1 609 92A 63H | (10.03.2021)