144
| Қaзақша
1 609 92A 29W | (13.4.16)
Bosch Power Tools
Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Қағусыз ағашты, металды, керамиканы, пластмассаны
және бұрандаларды бұрғалау үшін SDS-plus сыз аспаптар
(мысалы цилиндрлік тұтқалық бұрғылар) пайдаланылады.
Осы аспаптар үшін жылдам қысу бұрғылау патроны
немесе тісті тәждік бұрғылау патроны қажет.
GBH 2-26 DFR: SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын
2
жинақтағы тез қысылатын ауыстырмалы бұрғы патронына
1
жылдам ауыстыруға болады.
Тісті тәждік бұрғылау патронын алмастыру
(GBH 2-26 E/RE/DE/DRE)
SDS-plus-сіз аспаптарымен (мысалы цилиндр тұтқалық
бұрғы) жұмыс істеу үшін сәйкес аспап патронын
орнатыңыз (тісті тәждік немесе жылдам бекіту бұрғылау
патроны, керек-жабдықтар).
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату (C суретін
қараңыз)
– SDS-plus-аспап патронын
20
тісті тәждік бұрғылау
патронына
19
бұрап бекітіңіз. Тісті тәждік бұрғылау
патронын
19
тоқтатқыш бұрандасымен бекітіңіз
18
.
Тоқтатқыш бұрғысында сол бағыттық ойма
болатынына назар аударыңыз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату (C суретін
қараңыз)
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын аспап патронына өзі
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын шығару
– Бекіту төлкесін
5
артқа жылжытып тісті тәждік бұрғылау
патронын
19
шешіңіз.
Аустырмалы бұрғылау патронын
шығару/орнату (GBH 2-26 DFR)
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын шығару
(D суретін қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғы патронының бекіту шеңберін
6
артқа тартып, оны осы күйде ұстап SDS-plus
ауыстырмалы бұрғы патронын
2
немесе тез қысылатын
ауыстырмалы бұрғы патронын
1
алға тартыңыз.
– Шығарғаннан соң ауыстырмалы бұрғы патронын ластан
тазалаңыз.
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын орнату
(E суретін қараңыз)
– Орнатудан алдын ауыстырмалы бұрғы патронын
тазалап, салынатын жағын аздап майлаңыз.
– SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын
2
немесе тез
қысылатын бұрғы патронын
1
алақанмен ұстаңыз.
Ауыстырмалы бұрғы патронын бұрап бұрғы патроны
қысқышына
21
тірелу дыбысы естілгенше
жылжытыңыз.
– Алмалы-салмалы бұрғылау патроны өзі бекітіледі.
Алмалы-салмалы бұрғылау патроны бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен
4
жұмыс істеу кезінде
бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол
бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан
сақтайтын бұқтырманың
4
зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS-plus электр құралын пайдалану
(F суретін қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– GBH 2-26 DFR: SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын
2
орнатыңыз.
– Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын шығару
(G суретін қараңыз)
– Бекіту төлкесін
5
артқа жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды орнату
(GBH 2-26 E/RE/DE/DRE)
Ескертпе:
SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын
19
(“Тісті тәждік
бұрғылау патронын алмастыру”, 144 бетінде қараңыз)
орнатыңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын
19
аспап
орнатылғаныша бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
– Бұрғылау патроны кілтін тісті тәждік бұрғылау
патронының
19
тиісті ойықтарына орнатып аспапты
бекітіңіз.
– GBH 2-26 E/RE: Ауыстырып-қосқышты
16
„Бұрғылау“
белгісіне жылжытыңыз.
– GBH 2-26 DE/DRE: Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын
11
“бұрғылау” күйіне айналыдырыңыз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды шешу
(GBH 2-26 E/RE/DE/DRE)
– Тісті тәждік бұрғылау патронын
19
бұрғылау патроны
кілтімен сағат тіліне қарсы бағытта алмалы-салмалы
аспап шешілгенше бұраңыз.
OBJ_BUCH-279-007.book Page 144 Wednesday, April 13, 2016 11:14 AM